Мазмұнға өту

Республикалық додада топ жарған лицей мақтаныштары!

2 қараша 2026 Жаңалықтар
Республикалық додада топ жарған лицей мақтаныштары!

Лицейіміздің мерейін асқақтатқан тағы бір сүйінші жаңалық!

10-сынып оқушылары Махамбет Тамерлан мен Нурланов Еркебулан «Менің шағын Отаным» республикалық байқауында жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі ІІ орынға ие болды!
Бұл – білім мен ізденістің, табандылық пен шығармашылықтың, туған жерге деген сүйіспеншілік пен азаматтық көзқарастың жарқын көрінісі. Республикалық деңгейде бақ сынап, үздіктер қатарынан көріну – оқушыларымыздың қажырлы еңбегі мен жүйелі дайындығының жемісі.
Жас дарындардың талабына қанат бітіріп, жеңіске жетуіне бағыт-бағдар берген жетекшісі Азат Бисембаевичке ерекше алғыс білдіреміз!
Жеңімпаз оқушыларымызды және жетекшісін шын жүректен құттықтаймыз! Бүгінгі жеңіс – ертеңгі үлкен жетістіктердің бастауы болсын! Білім көгінде биіктерді бағындырып, лицейіміздің абыройын асқақтата беріңіздер!

Фотогалерея

Республикалық додада топ жарған лицей мақтаныштары!Республикалық додада топ жарған лицей мақтаныштары!

Басқа жаңалықтар