Мазмұнға өту

Кітапханалық шараларға қатысу белсенділігі бойынша жылдың үздік оқырмандарын анықтау талаптары 2026–2027 оқу жылы

22 қыркүйек 2026 Жаңалықтар
Кітапханалық шараларға қатысу белсенділігі бойынша жылдың үздік оқырмандарын анықтау талаптары 2026–2027 оқу жылы

Кітапханалық шараларға қатысу белсенділігі бойынша жылдың үздік оқырмандарын анықтау талаптары
2026–2027 оқу жылы

I. «Жылдың үздік оқырманы – 2027» аталымына қойылатын талаптар

1. Оқылған кітап саны мен оқырман формуляры негізінде бағалау

• Қатысушының оқырман формуляры оқу жылының басында рәсімделеді.

• Формулярда оқылған кітаптың атауы, авторы және оқылған күні көрсетіледі.

• Оқу жылы соңында оқылған кітаптардың саны, мазмұндық және жанрлық әртүрлілігі ескеріледі.

• Мәліметтердің дұрыстығы кітапханашы тарапынан жүйелі түрде бақыланады.

2. «Кітап оқу бәйгесі» жарысына қатысу белсенділігі

• Бәйгелерге тұрақты қатысуы;

• жоғары нәтиже көрсетуі ескеріледі.

3. ReadX жобасына белсенді қатысуы

• Оқыған кітабы туралы көпшілік алдында ойын еркін жеткізуі;

• сөйлеу мәдениеті мен шығармашылық қабілеті;

• кітап мазмұнын талдауы және өз пікірін дәлелдей білуі;

• жобаға тұрақты қатысуы бағаланады.

4. Кітапханалық шараларға белсенді қатысуы

• Ақын-жазушылардың мерейтойларына арналған іс-шараларға, әдеби кештерге, оқырман конференцияларына, кітап көрмелеріне және басқа да кітапханалық шараларға белсенді қатысуы ескеріледі.

II. «Үздік оқырман сынып – 2027» және «Оқуға құштар сынып – 2027» аталымдарына қойылатын талаптар

1. Кітапханалық шараларға сыныптың белсенді қатысуы

• Сынып оқушыларының кітапханалық шараларға (әдеби кештерге, байқауларға, кітап оқу акцияларына) жүйелі қатысуы;

• аудиошығармалар, буктрейлерлер, кітап таныстырылымдарын дайындауы.

2. «Кітап оқу бәйгесі» жарысына қатысу көрсеткіші

• Бәйгелердің барлық санына кемінде 50%-дан астам сынып оқушыларының қатысуы;

• жүлделі және жоғары нәтижелер көрсетуі бағаланады.

3. Сыныптың кітап оқу белсенділігі

• Сынып оқушыларының оқыған кітаптарының жалпы саны;

• оқырман формулярларының жүйелі жүргізілуі;

• оқылған шығармалардың жанрлық және тақырыптық әртүрлілігі ескеріледі.

4. Сыныптың шығармашылық бастамасы

• «Бір сынып – бір кітап», «Кітап оқитын сынып» сияқты бастамаларды жүзеге асыруы;

• сыныптың оқу бұрышын немесе кітап сөресін ұйымдастыруы;

• оқушылар арасында кітап ұсыну және кітап талқылау жұмыстарын жүргізуі қосымша бағаланады.

III. «Үздік оқырман отбасы – 2027» аталымына қойылатын талаптар

1. Кітапханалық шараларға отбасы мүшелерінің белсенді қатысуы

• Отбасы мүшелерінің кітапханалық іс-шараларға (әдеби кештерге, байқауларға, кітап оқу акцияларына) белсенді қатысуы;

• аудиошығарма, буктрейлер, отбасылық кітап оқу туралы бейнероликтер дайындауы;

• отбасылық оқу дәстүрін қалыптастыруы ескеріледі.

2. «Кітап оқу бәйгесі» жарысына қатысу белсенділігі

• Отбасы мүшелерінің бәйгелерге жүйелі қатысуы;

• жоғары нәтижелер көрсетуі бағаланады.

3. Үй кітапханасының болуы

• Үй кітапханасы немесе кітап оқу бұрышының таныстырылымын дайындауы;

• отбасы мүшелерінің сүйікті кітаптарын таныстыруы ескеріледі.

IV. «Үздік оқырман қызметкер – 2027» аталымына қойылатын талаптар

1. Оқылған кітап саны мен оқырман формуляры негізінде бағалау

• Оқырман формулярын тұрақты жүргізуі;

• оқылған кітаптың атауы, авторы және оқылған уақыты көрсетіледі;

• оқу жылының қорытындысы бойынша оқылған кітаптардың саны мен сапасы ескеріледі.

2. «Кітап оқу бәйгесі» жарысына қатысу көрсеткіші

• Әр бәйгеге тұрақты қатысуы;

• жоғары нәтиже көрсетуі бағаланады.

3. «Кітап талқы» жобасына белсенді қатысу

• Жобаның әр санына белсенді қатысуы;

• спикер ретінде кітап таныстыруы;

• кітап мазмұнына талдау жасап, өзіндік пікір білдіруі;

• әріптестер арасында кітап оқу мәдениетін насихаттауы ескеріледі.

V. «Үздік жас оқырман – 2027» аталымына қойылатын талаптар

1. Оқылған кітап саны мен оқырман формуляры негізінде бағалау

• Қатысушының оқырман формуляры оқу жылының басында рәсімделеді.

• Формулярда оқылған кітаптың атауы, авторы және оқылған күні көрсетіледі.

• Оқу жылы соңында оқылған кітаптардың саны, мазмұндық және жанрлық әртүрлілігі ескеріледі.

• Мәліметтердің дұрыстығы кітапханашы тарапынан жүйелі түрде бақыланады.

2. «Кітап оқу бәйгесі» жарысына қатысу белсенділігі

• Бәйгелерге тұрақты қатысуы;

• жоғары нәтиже көрсетуі ескеріледі.

3. ReadX жобасына белсенді қатысуы

• Оқыған кітабы туралы көпшілік алдында ойын еркін жеткізуі;

• сөйлеу мәдениеті мен шығармашылық қабілеті;

• кітап мазмұнын талдауы және өз пікірін дәлелдей білуі;

• жобаға тұрақты қатысуы бағаланады.

4. Кітапханалық шараларға белсенді қатысуы

• Ақын-жазушылардың мерейтойларына арналған іс-шараларға, әдеби кештерге, оқырман конференцияларына, кітап көрмелеріне және басқа да кітапханалық шараларға белсенді қатысуы ескеріледі.

Басқа жаңалықтар