Мазмұнға өту

МЕКТЕП ПЕН АТА-АНА ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ – БАЛА ТӘРБИЕСІНІҢ БЕРІК НЕГІЗІ

16 қыркүйек 2026 Жаңалықтар
МЕКТЕП ПЕН АТА-АНА ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ – БАЛА ТӘРБИЕСІНІҢ БЕРІК НЕГІЗІ

2026 жылғы 15 қыркүйекте «Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты» КММ-де «Заң және тәртіп: адал азамат тәрбиесіндегі отбасы, мектеп және мемлекеттік органдар ынтымақтастығы» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтті.

Жиналыстың мақсаты – «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында отбасы, мектеп және мемлекеттік органдар арасындағы байланысты нығайту, ата-аналардың жауапкершілігін арттыру және оларды оқу-тәрбие үдерісіне белсенді қатыстыру.

Кездесу барысында:

? балалардың өрт және төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздігі;
? кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу;
? ата-аналардың заң алдындағы жауапкершілігі;
? лицей жарғысы мен ішкі тәртіп ережелері;
? оқу үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктері;
? мектеп формасына қойылатын талаптар;
? жатақхананың ішкі тәртіп ережелері;
? интернет қауіпсіздігі, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу мәселелері талқыланды.

Жиынға мектеп әкімшілігі, төтенше жағдайлар және полиция органдарының өкілдері, педагогтер мен ата-аналар қатысты. Кездесу соңында ата-аналардың ұсыныстары тыңдалып, қойылған сұрақтарға жауап берілді.

Бала қауіпсіздігі мен тәрбиесі – мектеп пен ата-анаға ортақ міндет. Өзара түсіністік пен тұрақты ынтымақтастық қана саналы, жауапты және адал азамат тәрбиелеуге негіз болады. #АдалАзаматАта-аналарЖиналысы

Фотогалерея

МЕКТЕП ПЕН АТА-АНА ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ – БАЛА ТӘРБИЕСІНІҢ БЕРІК НЕГІЗІМЕКТЕП ПЕН АТА-АНА ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ – БАЛА ТӘРБИЕСІНІҢ БЕРІК НЕГІЗІМЕКТЕП ПЕН АТА-АНА ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ – БАЛА ТӘРБИЕСІНІҢ БЕРІК НЕГІЗІМЕКТЕП ПЕН АТА-АНА ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ – БАЛА ТӘРБИЕСІНІҢ БЕРІК НЕГІЗІМЕКТЕП ПЕН АТА-АНА ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ – БАЛА ТӘРБИЕСІНІҢ БЕРІК НЕГІЗІМЕКТЕП ПЕН АТА-АНА ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ – БАЛА ТӘРБИЕСІНІҢ БЕРІК НЕГІЗІМЕКТЕП ПЕН АТА-АНА ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ – БАЛА ТӘРБИЕСІНІҢ БЕРІК НЕГІЗІМЕКТЕП ПЕН АТА-АНА ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ – БАЛА ТӘРБИЕСІНІҢ БЕРІК НЕГІЗІ

Басқа жаңалықтар