Мазмұнға өту

«Кітап оқу бәйгесі» жарысының қорытынды кезеңі

4 қараша 2026 Жаңалықтар
«Кітап оқу бәйгесі» жарысының қорытынды кезеңі
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 7-сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған «Кітап оқу бәйгесі» жарысының қорытынды кезеңі өтті.
Бәйгенің мақсаты – оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру, оқырмандық мәдениетін қалыптастыру, шығармаларды талдау және өз ойларын еркін жеткізу дағдыларын дамыту.
Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуына орай қатысушылар «Бай баласы мен жарлы баласы» және «Данышпан қазы» шығармалары бойынша бақ сынады.
Жарыс үш кезеңнен тұрды. Алғашқы кезеңдер Google Forms платформасында, ал қорытынды кезең Kahoot платформасында өткізілді.
Бәйге қорытындысы бойынша I дәрежелі дипломмен Темірболат Ерсұлтан (7Ә сынып), II дәрежелі дипломмен Мұратов Баянды (7Ә сынып) және Әнуарқызы Сезім (7Ә сынып), III дәрежелі дипломмен Бақтыгерей Арсен (7Ә сынып), Ерболат Алихан (7Ә сынып) және Хамит Нұртөре (7Ә сынып) марапатталды.
Сонымен қатар Тасеменова Маржан (7А сынып) – «Кітаппен достасқан оқушы», Марксова Мадина (7Б сынып) – «Оқуға құштар оқырман», Исатаев Амирхан (7Ә сынып) – «Кітапқұмар оқырман», Умирзакова Айнара (7Ә сынып) – «Кітап оқу майталманы», Еркинова Ранида (7Ә сынып) – «Үздік талпыныс», Құрметқали Айзере (7Б сынып) – «Кітап оқу шебері» аталымдарымен марапатталды.
Бәйгеге қатысып, белсенділік танытқан барлық оқушыларға алғыс білдіреміз! Кітап оқуға қызығушылықты арттырып, мектепте оқырмандық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған жұмыстар жалғасын табады.

Фотогалерея

«Кітап оқу бәйгесі» жарысының қорытынды кезеңі«Кітап оқу бәйгесі» жарысының қорытынды кезеңі«Кітап оқу бәйгесі» жарысының қорытынды кезеңі«Кітап оқу бәйгесі» жарысының қорытынды кезеңі«Кітап оқу бәйгесі» жарысының қорытынды кезеңі«Кітап оқу бәйгесі» жарысының қорытынды кезеңі«Кітап оқу бәйгесі» жарысының қорытынды кезеңі«Кітап оқу бәйгесі» жарысының қорытынды кезеңі«Кітап оқу бәйгесі» жарысының қорытынды кезеңі«Кітап оқу бәйгесі» жарысының қорытынды кезеңі«Кітап оқу бәйгесі» жарысының қорытынды кезеңі«Кітап оқу бәйгесі» жарысының қорытынды кезеңі«Кітап оқу бәйгесі» жарысының қорытынды кезеңі«Кітап оқу бәйгесі» жарысының қорытынды кезеңі«Кітап оқу бәйгесі» жарысының қорытынды кезеңі

Басқа жаңалықтар