Мазмұнға өту

Мектебіміздің оқушысы Мақсот Гүлнұр Назарбаев Университетінде өткен Code Girls Summer 2026 жазғы бағдарламасына қатысты

8 қыркүйек 2026 Жаңалықтар
Мектебіміздің оқушысы Мақсот Гүлнұр Назарбаев Университетінде өткен Code Girls Summer 2026 жазғы бағдарламасына қатысты

Жазғы демалысты тиімді пайдаланып, болашақ кәсіби бағытын айқындау мақсатында мектебіміздің оқушысы Мақсот Гүлнұр Назарбаев Университетінде өткен Code Girls Summer 2026 жазғы бағдарламасына қатысты.

Бағдарлама барысында қатысушылар IT және бағдарламалау саласындағы білімдерін жетілдіріп, веб-әзірлеу, заманауи технологиялар және командалық жобалау бағыттарында тәжірибе жинақтады.

Бағдарлама аясында өткен Web Development Hackathon байқауында Гүлнұр өз командасымен І орын иеленіп, жоғары нәтижесін көрсетті.

Бұл жетістік – жазғы уақытты тиімді пайдаланып, қызығушылығына сай кәсіби бағытта дамудың және болашақ мамандығына алғашқы қадам жасаудың жарқын көрінісі.

Гүлнұрды жеңісімен құттықтаймыз!
Алдағы уақытта да жаңа мүмкіндіктерді пайдаланып, IT саласындағы биік мақсаттарына жете беруіне тілектеспіз!

Фотогалерея

Мектебіміздің оқушысы Мақсот Гүлнұр Назарбаев Университетінде өткен Code Girls Summer 2026 жазғы бағдарламасына қатыстыМектебіміздің оқушысы Мақсот Гүлнұр Назарбаев Университетінде өткен Code Girls Summer 2026 жазғы бағдарламасына қатысты

Басқа жаңалықтар