Мазмұнға өту

Облыстық «Ақберен» байқауындағы жетістіктер

2 қараша 2026 Жаңалықтар
Облыстық «Ақберен» байқауындағы жетістіктер

28 қазан күні өткізілген облыстық «Ақберен» байқауында лицейіміздің оқушылары өз өнерлері мен шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

Байқаудың «Ұлттық аспапта ойнау» бағыты бойынша 11 «Ә» сынып оқушысы Елемес Данагүл өнер көрсетіп, жүлделі ІІІ орынға ие болды.
Жетекшісі – Нұрқанова Алтын Ахатқызы.
Сонымен қатар, аталған байқауға қатысқан 9-сынып оқушылары Әділбекұлы Айбек пен Исатаева Гүлбахар шығармашылық белсенділіктері мен өнерге деген қызығушылықтары үшін Алғыс хаттармен марапатталды.
Жетекшісі – Манкишева Айымжан Мендихановна.
Облыстық деңгейдегі бұл байқау оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және дарынды жастарды қолдауға бағытталған маңызды шаралардың бірі болып табылады.
Лицейіміздің атын абыроймен танытқан оқушыларымыз бен олардың жетекшілерін жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз! Жас дарындарымызға шығармашылық шабыт, толағай табыс және алдағы байқауларда жаңа жеңістер тілейміз!

Фотогалерея

Облыстық «Ақберен» байқауындағы жетістіктерОблыстық «Ақберен» байқауындағы жетістіктерОблыстық «Ақберен» байқауындағы жетістіктер

Басқа жаңалықтар