Мектеп кітапханасының жұмыс жоспарының мазмұны:
І. Кітапхана жұмысының негізгі бағыттары мен міндеттері.
ІІ. Кітапханалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру.
ІІІ. Оқырмандарға ақпараттық қызмет көрсету және кітапты насихаттау шаралары.
IV. Кітапхананың оқулықтар қорын және негізгі қорын ұйымдастыру, сақтау, толықтыру.
І. Кітапхана жұмысының негізгі бағыттары мен міндеттері
Ақпараттық технологиялар дәуірінде білім беру саласындағы мектеп кітапханасының рөлі ерекше. Жақсы ұйымдастырылған кітапхана оқушылардың өскелең сұранысын қанағаттандыруға, рухани байлығын дамытуға, білім беру және тәрбиелік міндеттерді жүзеге асыруға ықпал етеді. Білім негізгі рөл атқаратын қазіргі ақпараттық қоғамда мектеп кітапханасы оқырмандарға қажетті ақпарат пен идеяларды ұсынады.
Осы негізде лицей кітапханасында «READх», «Буктрейлер», «100 кітап», «Кітап айналымы», «Кітап оқу бәйгесі», «Кітап талқы алаңы», «12 ай – 12 кітап», «Кітап оқитын ұлт» сияқты жобалар бойынша жұмыс жүргізу басшылыққа алынады. Сонымен қатар мектеп сайтындағы «Электронды әдеби шығармалар», «Аудио шығармалар», «Буктрейлер» бөлімдері жүйелі түрде толықтырылып отырады.
Кітапхана өз қызметінде төмендегі нормативтік және әдістемелік құжаттарды басшылыққа алады:
- Білім беру ұйымдарында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Оқу- ағарту министірінің 30.04.2024 жылғы №194 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы 26.05.2025 жылғы №123 бұйрығы
- «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы «30» шілдедегі № 194 бұйрығына 1-қосымша Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы «11» желтоқсанындағы № 281 бұйрығы
- «2026–2027 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хат;
- «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы.
ІІ. Кітапханалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру
|
№ |
Жұмыстың мазмұны |
Оқырмандар тобы |
Өту мерзімі |
Жауапты |
|
1 |
Оқырмандардың кітап оқуына басшылық жасау (жаңадан келген кітаптарға библиографиялық шолу, оқырмандардың талғамы бойынша сұраныстарын орындауға мүмкіндік жасау) |
7–11 сынып, мектеп ұжымы |
Жыл бойы |
Қуанова Ш.А. |
|
2 |
Әрбір оқырманға көркем әдебиетпен қатар білімнің әр саласы бойынша ақпараттық көмек көрсету (оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар, кәсіби әдебиеттер) |
7–11 сынып |
Жыл бойы |
Қуанова Ш.А. |
|
3 |
Кітапханаға келетін баспасөз басылымдарымен қамтамасыз ету |
7–11 сынып |
Жыл бойы |
Қуанова Ш.А. |
|
4 |
Күн қорытындысы бойынша жұмыс нәтижелерін есепке алу (оқырман мониторингі, оқылған кітаптар мен беттер саны) |
7–11 сынып |
Күн сайын |
Қуанова Ш.А. |
|
5 |
Жаңадан келген негізгі қорды «Otan Mektep» бағдарламасына тіркеу |
Жыл бойы |
Қуанова Ш.А. |
|
|
6 |
Жаңадан келген оқырмандарға «Otan Mektep» бағдарламасын қалай пайдалану керектігі туралы кеңес беру |
7-11 сынып |
Жыл бойы |
Қуанова Ш.А. |
|
7 |
Мерекелік іс-шаралар мен белгілі тұлғалардың атаулы күндеріне арналған шараларға қатысуға оқырмандарды тарту |
7–11 сынып |
Жыл бойы |
Қуанова Ш.А. |
ІІІ. Оқырмандарға ақпараттық қызмет көрсету және кітапты насихаттау шаралары
3.1. Жыл ағымында ұйымдастырылатын дәстүрлі шаралар
|
Бағыты |
Тақырыбы |
Түрі |
Мерзімі |
Жауапты |
|
Кітапханаға оқырмандардың кітаптарды өз еркімен тапсыруға арналған қайырымдылық акциясы. |
«Кітап сыйла» |
Акция |
1–20 сәуір |
Қуанова Ш.А. |
|
«Балалар кітапханасы» жобасы аясында отбасылық оқуға арналған кітаптар тізімін жасау, оқушыларды ата-аналарымен бірге кітап оқуға ынталандыру және үй кітапханасын жасақтау бойынша кеңес беру. |
«Оқырман отбасы» |
Отбасылық кітап оқу байқауы |
8–19 ақпан |
Қуанова Ш.А. |
|
Оқушылардың кітап оқуға белсенділігін арттыру мақсатында мектеп сайтында электронды әдеби шығармалар, буктрейлерлер және аудиошығармалар ұсыну. |
«Кітапхана – әлеуметтік желіде» |
Мәлімет |
Әр айдың соңғы аптасында |
Қуанова Ш.А. |
|
Оқырман оқыған кітабының қысқаша мазмұны, идеясы мен алған әсері туралы бөлісіп, тыңдаушыларды кітап оқуға шақыратын таныстырылым жасайды. |
«Мен оқыған бір кітап» ReadX |
Кітап оқуды ұйымдастыру |
Екі аптада 1 рет |
Қуанова Ш.А. |
|
Көркем-эстетикалық тәрбие аясында орта білім беру ұйымдарында отандық мәдениет жетістіктерін – кітаптар, пьесалар, мүсіндер, суреттер, музыкалық әуендер, халық ауыз әдебиетіндегі Ұлы Дала мұрагерлерінің үздік мұралары – ертегілерді, аңыздарды, оқиғаларды, өсиеттерді, эпостарды меңгеру және жетілдіру жатады. Осы бағытта тұрақты тақырыптық кітап көрмелерін ұйымдастыру |
«Кітаптар сөйлейді» |
Кітапханадағы дәстүрлі кітап көрмелері |
5 қыркүйек 25 қазан 15 желтоқсан 16 наурыз 19 наурыз 30 сәуір 6 мамыр |
Қуанова Ш.А. |
|
Әртүрлі тақырыптағы көркем әдеби шығармаларды оқып, бәйге шарттарын орындау |
«Кітап оқу бәйгесі» жобасы |
Кітап оқу жарысы |
21 қыркүйек – 5 қазан (8–9 сынып оқушылары) 5–20 қазан (7–8 сынып оқушылары) 23 қараша – 7 желтоқсан (мектеп ұжымы мен ата-аналар) 11–25 қаңтар (9–10 сынып оқушылары) 1–15 ақпан (мектеп ұжымы мен ата-аналар) 1–15 наурыз (7,8,9-сынып оқушылары) |
Қуанова Ш.А. |
|
Мектеп ұжымы арасында байланыс пен ынтымақтастықты нығайту, рухани, мәдени, кәсіби даму бағытындағы оқырмандар ортасын қалыптастыру. Кітаптан түйген ойды, әсерді ортаға салу. |
«Кітап талқы алаңы» жобасы |
Кітап оқуды ұйымдастыру |
Айына 2 рет 23 қыркүйек 24 қыркүйек 22 қазан 23 қазан 25 қараша 26 қараша 23 желтоқсан 24 желтоқсан 27 қаңтар 28 қаңтар 24 ақпан 25 ақпан 16 наурыз 17 наурыз 28 сәуір 29 сәуір 17 мамыр 18 мамыр |
Қуанова Ш.А. |
|
Оқушыларды жүйелі түрде кітап оқуға ынталандыру, ай сайын бір көркем шығарма оқып, оның мазмұны мен идеясын түсінуге, талдауға, өз пікірін еркін білдіруге және оқырмандық мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету. |
«12 ай – 12 кітап» жобасы |
Кітап оқуды ұйымдастыру |
Айына 1 рет |
Қуанова Ш.А. |
|
Оқушыларды, ата-аналарды және педагогтерді кітап оқуға жүйелі түрде тарту арқылы мектепте тұрақты оқырмандық орта қалыптастыру, кітап оқу мәдениетін дамыту және отбасы мен мектептің бірлескен оқу дәстүрін нығайту. |
«Кітап оқитын ұлт» жобасы |
Кітап оқуды ұйымдастыру |
Қыркүйек-наурыз |
Қуанова Ш.А. |
|
Оқушылардың маусымдық демалыс кезінде кітапқа деген қызығушылығын арттырып, бос уақытын мазмұнды әрі қызықты өткізуіне ықпал ету. |
«Кітаппен өткен демалыс күндері қызық» |
Кітап оқуды ұйымдастыру |
Күзгі демалыс уақытында (26 қазан – 1 қараша) Қысқы демалыс уақытында (28 желтоқсан — 10 қаңтар) Көктемгі демалыс уақытында (22–28 наурыз) |
Қуанова Ш.А. |
3.2. Атаулы мерекелер мен танымал тұлғалардың мерейтойларына байланысты шаралар жоспары
|
Атауы |
Тақырыбы |
Бағыты |
Уақыты |
Жауапты |
|
5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі |
Мемлекеттік тіл – рухани байлық |
Дәстүрлі кітап көрмесі |
5 қыркүйек |
Қуанова Ш.А. |
|
Ұлт ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл (1841–1889) |
Кел, балалар оқылық! |
Жазушының әңгімелерін «Кітап оқу бәйгесінде» оқытып, Kahoot арқылы тексеру (7-сынып) |
20 қазан |
Қуанова Ш.А. |
|
Республика күні |
Қазақстан – рухы биік, ұлы өлке |
Дәстүрлі кітап көрмесі |
25 қазан |
Қуанова Ш.А. |
|
16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні |
Тәуелсіздік – тұғырым |
Дәстүрлі және электронды кітап көрмесі |
Желтоқсан |
Қуанова Ш.А. |
|
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні |
Қыз тәрбиелей отырып, ұлт тәрбиелейміз |
«Мақал-мәтел үйренейік» сайысы және кездесу сағаты |
Наурыз |
Қуанова Ш.А. |
|
21-23 наурыз – Наурыз мейрамы |
Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні! |
Кітап көрмесі Библиографиялық шолу |
Наурыз |
Қуанова Ш.А. |
|
Қазақтың халық жазушысы Ғабит Мүсіреповтің туғанына 125 жыл (1902–1985) |
Көркем сөздің зергері |
Дәстүрлі кітап көрмесі |
22 наурыз |
Қуанова Ш.А. |
|
2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күні |
«Біз мектеп оқырманы болашаққа кітаппен» «Шын жүректен кітап сыйла» челленджі «Мен кітап оқығанда..» тақырыбында эссе «Өзің оқып, өзгеге ұсын» тақырыбында «READх» жобасы |
Кітап оқу апталығы |
1–20 сәуір |
Қуанова Ш.А. |
|
23 сәуір – Дүниежүзілік кітап күні |
«Кітап талқы алаңы» жобасының қорытындысы |
Қорытынды шара |
Сәуір |
Қуанова Ш.А. |
|
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні |
Бірлігі бекем елдің тірлігі берекелі |
Кітап көрмесі |
Мамыр |
Қуанова Ш.А. |
|
9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні |
Ұрпаққа ұран болған – Ұлы Жеңіс |
Кітап көрмесі |
Мамыр |
Қуанова Ш.А. |
|
«Үздік оқырман – 2027» жыл қорытындысы |
«Үздік оқырман – 2027» |
Кітап оқу мониторингі және жыл бойы ұйымдастырылған кітап оқу байқауларының қорытындылары |
Мамыр |
Қуанова Ш.А. |
IV. Кітапхананың оқулықтар қорын және негізгі қорын ұйымдастыру, сақтау және толықтыру
|
№ |
Жұмыстың мазмұны |
Өту мерзімі |
Жауаптылар |
|
1 |
Қор жұмысына қорытынды жасау. 2026–2027 оқу жылына оқушыларды оқу әдебиеттерімен және оқулықтармен қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастыру |
Тамыз-қыркүйек |
Қуанова Ш.А. |
|
2 |
Оқушыларға оқулықтарды беру және оларды қабылдау |
Мамыр-маусым. Тамыз-қыркүйек |
Қуанова Ш.А. |
|
3 |
Оқу әдебиеттері қорын жинақтау |
Жыл бойы |
Қуанова Ш.А. |
|
4 |
Кітапханаға түскен жаңа әдебиеттерді бағдарламаға және мүлік кітабына тіркеу, мөр басу, жиынтық есеп кітабына есепке алу. |
Жыл бойы |
Қуанова Ш.А. |
|
5 |
Оқу бағдарламаларының өзгеруіне байланысты ескірген және пайдалануға жарамсыз әдебиеттерді белгіленген тәртіппен есептен шығару |
Мамыр-тамыз |
Қуанова Ш.А. |
|
6 |
Есепке алу журналын ретке келтіру. Оқулықтарды беру журналын жүргізу |
Жыл бойы |
Қуанова Ш.А. |
|
7 |
Оқу қорын сақтау бойынша жұмыстар жүргізу: — «Оқулыққа ұзақ өмір тілейміз» тексеру (жалпы мектептік – жартыжылда 1 рет, сыныпішілік – тоқсанда 1 рет); — Пән мұғалімдерімен, сынып жетекшілерімен, оқушылармен, олардың ата-аналарымен жеке кеңес жүргізу; — Оқу әдебиеттерімен жұмыс және оларды пайдалану ережесі туралы сынып сағаттарында, ата-аналар жиналысында, кітапханалық дәрістерде ұжымдық кеңес жүргізу; — Келтірілген залал бойынша шаралармен қамту; — Оқу жылында 2 рет кітапханаға қарыз оқырмандармен жұмыс |
Келісілген мерзім бойынша |
Қуанова Ш.А. |