Бүгінгі таңда жас ұрпақтың бойында ұлттық құндылықтарға негізделген рухани-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру – мектептің басты міндеттерінің бірі. Осы орайда, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен әзірленген «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы еліміздің білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысының негізгі бағыттарын жүйелі түрде іске асыруға негіз болуда.
Біздің мектебімізде де бұл бағдарлама аясында жан-жақты тәрбиелік іс-шаралар, жобалар мен бағыттар жүзеге асырылып келеді. Бағдарлама жасөспірімдердің имандылықты, әділдікті, еңбексүйгіштікті, отансүйгіштікті, құқықтық сауаттылықты бойына сіңіруді көздейді. Сондай-ақ оқушыларды елжанды, адал, парасатты тұлға ретінде қалыптастыруға бағытталған.
«Адал азамат» бағдарламасы – болашақтың іргесін адалдықпен қалап, елін сүйетін, жауапкершілікті жете түсінетін, зерделі де зияткер ұрпақ тәрбиелеудің нақты жолы.
Мектеп ұжымы бұл бағдарлама арқылы оқушылардың бойында өмірлік маңызы бар құндылықтарды қалыптастыруға, тұлғалық дамуына және саналы азамат ретінде қалыптасуына жағдай жасайды.
ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫН РЕТТЕЙТІН НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР
Қазақстан Республикасының Конституциясы (15 наурыз 2026 жыл)
«Білім беру ұйымдарында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 30 шілдедегі №194 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2025 жылғы 11 желтоқсандағы №281 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 26 мамырдағы №123 бұйрығы)
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 4 маусымдағы № 258 Конституциялық заңы
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығы («Жолда жүру ережелері», «Жол қозғалысы ережелері» оқу курсы)
«Ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру және жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 8 маусымдағы № 137 бұйрығы
«Мектепке дейінгі, орта, кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің білім беру процесіне «Жеке қауіпсіздік» тақырыбында сабақтар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің 2024 жылғы 18 қыркүйектегі №263 бұйрығы
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ
«Білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартының және кәсіптік практикадан өткізуге арналған үлгілік шарт нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы №93 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 2 қарашадағы № 611 бұйрығы
«Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығы
Орта білім беру ұйымдарындағы педагог-кәсіби бағдар берушілерге арналған әдістемелік нұсқаулық (Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2025)
«Білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 28 тамыздағы № 227 бұйрығы
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы құндылықтарын оқу процесіне кіріктіру бойынша әдістемелік ұсынымдар (Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2026)
«Мектепке дейінгі ұйымдардың және жалпы білім беретін мектептердің, лицейлер мен гимназиялардың мектепалды сыныптарының, орта, арнаулы, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі №130 бұйрығы
«Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті» РММ-нің 2023 жылғы 6 қыркүйектегі №34 бұйрығы
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының брендингі және білім беру ұйымдарын безендірудің бірыңғай дизайнын қалыптастыру ережесі (Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі, 2025)
ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ, БАЛАНЫ ЖӘБІРЛЕУДІҢ (БУЛЛИНГТІҢ), ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМНІҢ АЛДЫН АЛУ
«Білім беру ұйымдарында мектепішілік есепке алуды жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 3 наурыздағы №61 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы 2023 жылғы 28 желтоқсандағы №398 бұйрығы
«Білім беру ұйымдарына және олардың аумақтарына әкелуге тыйым салынған, оларда пайдаланылуы шектелген нәрселер мен заттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 25 мамырдағы № 235 бұйрығы
«Білім беру ұйымдарында баса назар аударуды талап ететін кәмелетке толмағандарды педагогикалық сүйемелдеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2026 жылғы 29 сәуірдегі № 104-НҚ бұйрығы
«Баланы жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 506 бұйрығы
«Зорлық-зомбылыққа, жәбірлеуге (буллингке), кибербуллингке ұшыраған немесе оған куә болған кәмелетке толмағандарды ерте анықтау және оларға көмек көрсету әдістемесі туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 21 желтоқсандағы №386 бұйрығы
«Зорлық-зомбылыққа, қатыгез қарым-қатынасқа, жәбірлеуге (буллингке) ұшыраған,сондай-ақ, зорлық-зомбылықтың куәсі болған кәмелетке толмағандарды анықтау және оларға көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2026 жылғы 25 мамырдағы №136-НҚ, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 28 мамырдағы № 212, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
министрінің 2026 жылғы 29 мамырдағы № 62, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 29 мамырдағы № 386 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Мәдениет және ақпарат министрінің 2026 жылғы 1 маусымдағы № 261-НҚ бірлескен бұйрығы. Зорлық-зомбылыққа, қатыгез қарым-қатынасқа, жәбірлеуге (буллингке) ұшыраған, сондай-ақ, зорлық-зомбылықтың куәсі болған кәмелетке толмағандарды анықтау жәнеоларға көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2026 жылғы 25 мамырдағы № 136-НҚ, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 28 мамырдағы № 212, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 29 мамырдағы № 62, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 29 мамырдағы № 386 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Мәдениет және ақпарат министрінің 2026 жылғы 1 маусымдағы № 261-НҚ бірлескен бұйрығы.
Балалардың эмоционалдық әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған «ДОСБОЛLiKe» антибуллингтік бағдарламасы («Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты, 2025)
«Қазақстан Республикасы білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 30 наурыздағы № 117 бұйрығы
АТА-АНАЛАРМЕН ЖҰМЫС
«Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы қызметінің тұжырымдамалық тәсілдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 5 наурыздағы №55 бұйрығы
2025–2026 оқу жылында Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтарының қызметін ұйымдастыру бойынша нұсқаулық («Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты, 2025)
СЫНЫП ЖЕТЕКШІЛЕРМЕН ЖҰМЫС
«Орта білім беру ұйымдарында сынып жетекшілігі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы №18 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2022 жылғы 31 мамырдағы № 251 бұйрығы
ТҮСІНІК ХАТ
«АДАЛ АЗАМАТ» БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТЫ
Қазақстандық мәдениет құндылықтары негізінде азаматтық жауапкершілік пен патриотизм, парасаттылық пен адалдық, ар-ұждан, руханиадамгершілік қасиеттерін бойына сіңірген, үйлесімді дамыған тұлға қалыптастыру.
«АДАЛ АЗАМАТ» БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАНЫҢ МІНДЕТТЕРІ
Рухани-адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу:
• отанға, өз халқына, оның тарихы мен мәдениетіне деген сүйіспеншілікті қалыптастыру;
• Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу;
• адалдық, әділдік, мейірімділік, ар-ұят пен қамқорлық, қайырымдылық және басқа да адамдық қасиеттерді дамыту;
• табиғатқа және қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.
Азаматтық жауапкершілік пен патриотизмді дамыту:
• елінің жетістіктері үшін мақтаныш сезімін ұялату;
• отбасы, қоғам және мемлекет алдындағы өз міндеттеріне саналы көзқарас қалыптастыру;
• өз құқығы мен бостандығы, сондай-ақ басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға дайын болуға баулу;
• әлеуметтік маңызы бар қызметке белсенді қатысуға тәрбиелеу.
Парасаттылық пен адалдықты қалыптастыру:
• басқалармен қарым-қатынаста адал әрі әділ болуға және әдептілік нормаларын ұстануға тәрбиелеу;
• өз іс-әрекеттері мен сөздері үшін жауапкершілікті түсінуге тәрбиелеу;
• еңбексүйгіштік пен өзін-өзі жетілдіруге деген ұмтылысын қалыптастыру;
• біреудің еңбегі мен мүлкін құрметтеуге тәрбиелеу.
Білім алушының жеке басының үйлесімді дамуы үшін жағдай жасау:
• әрбір білім алушыны тәрбиелеу мен оқытуда даралау мен саралау тәсілдемелерін қамтамасыз ету;
• білім беру ортасында жағымды психологиялық-педагогикалық ахуал қалыптастыру.
АДАЛ АЗАМАТ» БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАЗМҰНЫ
Білім алушылардың бойында құндылықтарды дамыту білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие процесі жағдайында жүйелі ұйымдастырылады. Бұл міндетті іске асыру білім беру мазмұны, сынып сағаттары мен сыныптан тыс іс-шаралары арқылы жүзеге асырылады. Ай сайын өткізілетін тұрақты іс-шаралар білім алушылардың біртұтас тұлғасын қалыптастыруға бағытталуы тиіс: Қыркүйек – еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы;
Қазан айы – тәуелсіздік және отаншылдық айы;
Қараша айы – әділдік және жауапкершілік айы;
Желтоқсан – бірлік және ынтымақ айы;
Қаңтар – заң және тәртіп айы;
Ақпан – жасампаздық және жаңашылдық айы;
Наурыз – тәуелсіздік және отаншылдық айы;
Сәуір – еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы;
Мамыр – бірлік және ынтымақ айы.
АДАЛ АЗАМАТ» БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАНЫҢ КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕРІ
Бағдарламаны дәйекті және кешенді іске асыру нәтижесінде білім берудің барлық деңгейіндегі ұйым түлектерінің бойында құндылықтар мен негізгі құзыреттері қалыптастыру және дамыту күтіледі:
Құндылық: тәуелсіздік және отаншылдық > Құзыреттілік: ұлттық мүддені дамыту
Құндылық: бірлік және ынтымақ > Құзыреттілік: тиімді коммуникация
Құндылық: әділдік және жауапкершілік > Құзыреттілік: қоғамға қызмет
Құндылық: заң және тәртіп >Құзыреттілік: азаматтық борыш және парасаттылық
Құндылық: еңбекқорлық және кәсіби біліктілік >Құзыреттілік: инновациялық ойлау
Құндылық: жасампаздық және жаңашылдық> Құзыреттілік: шығармашылық
Жобалар — бұл білім беру мен қоғамның әртүрлі аспектілерін жақсартуға, білім алушыларды, ата-аналарды, педагогтерді профилактикалық ісшараларға тарту арқылы жеке құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған білім беру бастамалары.
Жүзеге асырылатын жобалар
1. «Қамқор» жобасы — әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру арқылы құндылықтарды дәріптеу
2. «Ұшқыр-ой алаңы» жобасы — тілдік дағдыларды дамыту және тақырыптық талқылау арқылы құндылықтарды дәріптеу
3. «SMART BALA» жобасы — инновациялық жобалар конкурсы арқылы құндылықтарды дәріптеу
4. «Шабыт» жобасы — білім алушылардың шығармашылық әлеуетін ашу арқылы құндылықтарды дәріптеу
5. «Еңбегі адал жас өрен» жобасы — білім алушылардың әртүрлі мамандыққа деген қызығушылығын арттыру және еңбекқорлық идеясы арқылы құндылықтарды дәріптеу
6. «Балалар кітапханасы» жобасы — кітап оқуға және білім алуға қызығушылықты қалыптастыру
Барлық жобалардың өткізілуі #Адал_Азамат хэштегі арқылы әлеуметтік желілерде және БАҚ жарияланады.