Дарынды шәкіртіміздің бірі Мендолла Ерасыл Елдосұлы "Nazarbayev University Foundation" бағдарламасының ресми шақыртуын иеленді! Ерасылдың бойындағы білімге деген терең құштарлық пен мақсатқа ұмтылудағы жоғары жауапкершілігі оны осындай үлкен белеске алып келді. Бұл қуанышты хабар қанатты шәкірттің еңбегін арқалаған ұстаздары мен аялап өсірген ата-анасы үшін зор мақтаныш.
Ерасылды осынау айтулы жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, армандарының орындалуына тілектеспіз!