Қатысушы 17 команданың арасындағы керемет жетістік!
Қатысушы 17 команданың арасындағы керемет жетістік!
ҚР ішкі істер министрі ұйымдастыруымен Алматы қаласының ҚР ІІМ Мақан Есболатов атындағы полиция академиясында оздырылған “Жас IT-дарын” республикалық ІТ байқауында Наби Айгуль жүлделі 3-орын, Бақытжан Нұралы жүлделі 2-орын, Жасбулат Думан алғыс хат иегері атанды. Жетекшісі Ляззат Асылбекқызы. Жүлдегерлерге құнды сыйлықтар, ноутбук, табыс етілді. Жас дарындарымызды жеңісімен құттықтаймыз, лицей мерейін үстей беріңіздер!
Қазақстан тарихы пәні бойынша 11В сынып оқушысы Гиссатден Нұрәділ жүлделі 3-орын (жетекшісі А.Б.Жексенов) иеленді, қазақ сыныбындағы орыс тілі пәні бойынша 11D сынып оқушысы Ерсайнова Үмітжан жүлделі 3-орын (жетекшісі А.К.Имангалиева). Шәкірттерімізді жетістіктерімен құттықтай отырып, алдағы уақытта сәттілік тілейміз! Жеңісті күндеріміз көп болсын!
26 сәуір күні мектебімізде химия, биология, география пәндері апталығының жабылуы аясында «Жаратылыстану – өмір тану, табиғаттың сырын табу» атты форум өткізілді. Форумның мақсаты - оқушылардың экологиялық білімін тереңдету, табиғатты қорғау қызметіне баулу.
Аптамыздың екінші күні Биология пәніне арналған болатын. Ұзақ қоңырау кезінде оқушыларымызға «Биология әлемінде» атты ақылды үзіліс өткізілді. Үзілістің мақсаты оқушыларымыздың биология пәніне деген қызығушылықтарын ояту.
Жаратылыстану пәндері апталығының жоспарына сәйкес 10 сәуір география пәніне арналды.
Шара барысы оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында 7-сыныптардың қатысумен ақылды үзіліс уақытында «Ел танимыз» атты интеллектуалды боулинг ойынымен басталды. Елтану бағытындағы сұрақтарға дұрыс, әрі дәлелді жауап берген оқушылар мадақталып, сыйлықтарға ие болды.
Апталық барысында оқушылардың зерттеушілік ойлау қабілеттерін дамытып, химия пәндерінен алған білімдерін өмірде қолдану үшін қоңырауды тиімді пайдалану мақсатында «Химия – ой мен ойын» ақылды үзілісі ұйымдастырылды. Оқушылар QR-код арқылы жасырылған тапсырманы тауып, химиялық қосылыстардың формулалаларын құрастырды. Үзіліс уақытын тиімді пайдаланып қана қоймай, оқушылар бір-біріне көңіл күй сыйлай білді. Күнделікті оқу-білім алумен қатар, бос уақытын қызықты өткізіп отырса, оқушыларымыздың бойындағы шығармашылық, ізденімпаздық, ұйымшылдық қасиеттері арта түседі.
Лицейімізде «Жаратылыстану - өмір тану, табиғаттың сырын табу» атты апталықтың алғашқы күні химия пәніне арналды. Апталық аясында 7-9 сынып оқушыларына арналған «Химиялық биатлон» зияткерлік сайысы оздырылды. Сайыстың мақсаты оқушылардың пәнге деген құштарлығын дамытып, ой-пікірін, тапқырлығын, ой-өрісін кеңейту.
04.04.2024ж. күні «XIAMEN UNIVERSITY MALAYSIA» оқу орнының өкілдері келіп, 10-11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру мақсатындағы ақпараттандыру жұмыстарын жүргізді.