Бүгін лицейіміздің дене шынықтыру пәні мұғалімі Ақжан Жасқайратұлы, Арнаут Талапұлы, тарих пәні мұғалімі Азат Бисембаевич және математика пәні мұғалімі Думан Санатұлы интернат оқушыларымен бірге дәстүрге айналған таңғы жүгіруге шықты. Жүгіруден кейін оқушылар мен ұстаздарымыз футбол ойнап, демалыс күнін көтеріңкі көңіл күймен бастады.
