Психологиялық алдын-алу

Бойдағы қобалжу мен адекватты мінез- құлықты жеңу дағдысын  қалыптастыру.

Қобалжу – қауіптілікті немесе  белгісіздікті күтудегі ішкі уайым, қысым.

Қобалжыған адам қызарады, бозарады, дауысы дірілдеп, кекештенуі мүмкін, терлейді, өзін ебедейсіз ұстайды.

Қобалжыған сәтте адамның  жүрек соғысы мен  тыныс алуы жиілеп, қол- аяғы дірілдейді, асқазандв жағымсыз сезім пайда болады, ауыз құрғайды. Қобалжуды әркім әртүрлі жағдайда сезінеді. Маңызды шара кезінде уайым, қорқыныштан қобалжу туындайды, абыржу секілді  күйді бастан өткізеді. Қобалжудан кейін жинақылық, бағыттылық пен шоғырлану сезімі жүреді. Жалпы қобалжу адамды бейқадамдықтан сақтандырып отыратын «күзетші» қызметін атқарады десе де болады. Алайда, үнемі қоблажу күйінде жүрген адамның ағзасы күйзелісті сезінеді. Күйзеліс (стресс)- ағылшын тілінен аударғанда қысым, керіліс, күш салу деген мағынаны білдіреді.

Қобалжудың физиологиялық жағы : барлықтарыңыз алдағы болатын оқиғаны күту кезінде жүрек соғысы мен тыныс алудың жиілегенін байқаған шығарсыздар.  Физиологиялық тұрғыдан алып қарасаңыз оның мәні өте қарапайым. Адам қиындыққа кездескенде  оның миы ол туралы  белгі алады. Белгі алған ми барлық ағзаның  қызметін күшейте түседі: жүрек соғысы мен тыныс алудың  жиілегенін осылай түсіндіруге болады.

1. «Сөйлемді аяқта» жаттығуы

Қажетті құралдар:  А4 форматындағы ақ қағаз, қаламсап.

Нұсқау: әр адамның көңілін түсіретін жағдай жиі кездесіп отырады, бірақ мұңаюды ұзаққа созуға болмайды. Тұжырым- бір жағдайды өзгерте алмаймыз, бірақ қалай ойлап, не ойлайтынымызды өзіміз таңдаймыз.  Сондықтан да, қазіргі  қағазды екіге бөліп, оң жағына «Егер де ... болса да, мен ...»,  «Кез келген жағдайда ...» деп жазып, сөйлемді ары қарай аяқтаңыздар. Жазып болғаннан кейін, ойымен  жанындағы жолдасымен бөлісу. Сыныпта  өзімен пікірлес адамның бар екенін анықтау.

2. «Тыныс алу жаттығуы»

Нұсқау:  Тыныс алу – адам өмірінде ең бірінші кезекте. Қалған  қажеттілік 2 орында. Әр сәттілік тыысты-  өмірден алған  ұтыс деп қараған орынды.  Оны кез келген қиындыққа қарсы күш ретінде қолдануға болады.  Ол үшін ыңғайлы денені,  омыртқа жотасын тіктеп,  иегіңізді сәл көтеріп,  мұрнымен көкірекке ауа толғанша дем алып,  ауыз арқылы сыртқа шығару.  Денені босаңсыту. Екінші рет ауаны  барынша сіңіріп, тынысты  ұстап тұрып, екі қолмен  отырған үстелдің  екі жақтауынан ұстап көтеруге талаптану.Қол,  іш пен дененің  барлық бұлшықеттеріне күш салу.  Жәймен тыныс шығарып,  денені босаңсыту.  Толығымен босаңсыту.  Дененің еш  жерінде  қысым мен қобалжу қалмау керек.  Жаттығуды 4-5 рет қайталайды.

3. Медитация. «Ішкі күш»

Баяу медитативті әуен қойылады.

Орындыққа ыңғайлы отырып, көзіңізді жұмыңыз.  Төбеңізде жарық сәулесінің  пайда болғанын елестетіңіз.  Ол жаймен жоғарыдан төмен қарай  құйылып бетіңізді,  мойныңызды,  иығыңызды жылытып,  оны  жарқырата түсуде.  Ол маңдайдағы, еріндегі, беттегі, иықтағы қысымнан, қоблажудан босатты.  Жарық қозғалысы төменге түсіп,  ішіңізді қыздыра бастады,  жағымсыз көңіл –күй мен сезім,  іштегі жарық  жылулығын арттырып, ыси бастады.  Бойдағы қобалжу,  күйзеліс,  ыстықтан еріп, қол  және саусақ  ұшынан  сыртқа төгіліп жатыр.  Сіздің денеңіздегі  барлық бұлшықетіңіз  босаңсып, рахат күй кешудесіз.  Ішкі жаырқ сәуле  сіздің жаңа бейнеңізді  жасауда – ол байсалды, өзіне сенімді,  өзіне және өмірге көңілі толатын жеңісті тұлға.  Енді жаттығуды: «Мен жаңа адаммын! Менің денім сау,  табысты тұлғамын! Мен өте байсалды, тұрақты адаммын!» ұранымен аяқтаңыз.

Кері байланыс: Бүгінгі  кездесу несімен қызық болды?

4. Бұлшық етті үдемелі босаңсыту

- Тыныш жер таңдап, осы жаттығуға 15-20 минут бөліңіз.

- Бұлшық еттеріңізді табаныңыздан төбеңізге дейін ширатасыз: табан, аяқ, қол, жамбас, іш, кеуде, мойын, ауыз, көз, маңдай.

- Деміңізді баяу, әрі терең ішке тартыңыз, бұлшық еттер тобын ширатып (қысып), 5-10 секунд ұстаңыз.

- Ширыққан және босаңсыған бұлшық еттер арасындағы айырмашылыққа назар аударыңыз.

- Келесі бұлшық еттер тобына көшер алдында 10-20 секунд бойы босаңсыңыз.

- Жаттығуды аяқтаған соң, осы шаққа қайта зейін салу үшін 5-тен 1-ге дейін санаңыз.

Бала (жасөспірім) кибербуллинг құрбанына айналғанының негізгі белгілері:

- көңіл-күйі өзгерген, үріккен, мазасы кеткен

- мұңая түскен

- қоғамдық шараларға, спорттық секцияларға және т.б. барудан қашқақтайды

- ұялы құрылғыларды бұрынғыдан сирек қолдана бастады

- жаңа хабарлама келгені туралы дыбыстық белгілерге жағымсыз қарай бастады

- мінез-құлқы, әсіресе, Ғаламтормен жұмыс жасау саласында өзгеріп кетті

- әлеуметтік желілердегі парақшаларын өшіріп тастады

- сізге желіде балаңыздың қатысы бар қорлайтын немесе кемсітетін суреттер және хабарламалар кез болды

- долылық пен өшпенділік сезімдері пайда болды

- қорқыныш – алаңдау үшін әрдайым жеткілікті себеп. Егер бала үнемі қорқып жүргендей көрінсе, ол кибербуллинг құрбанына айналғаны әбден мүмкін. Аталған белгілер басқа түйіткілді мәселелерді сипаттауы да мүмкін. Бірақ, кибербуллинг ықтималдылығын бірінші кезекте анықтап, шешіп алу қажет

Баланың (жасөсіпірімнің) көңіл-күйіндегі ұзақ уақытқа созылатын кез-келген оқыс өзгеріс – ата-ана үшін дабыл белгісі!!!

Ақпараттық технологиялар мектеп-лицей интернаты

Қазақстан Республикасы, 090000

Орал қ., Сүндетқали Есқалиев к., 107

Телефон/факс: +7(112) 514243, +7(7112) 514243

Лицейдің сенім телефоны 8 (7112) 51 09 59

Ұлттық сенім телефоны 111

БҚО білім басқармасының сенім телефоны 8(7112) 26 04 63

it-lyceum.kz