Білімді ұрпақ – жарқын болашақ кепілі. Лицей табалдырығын жаңа аттаған 7-сынып оқушыларына құрмет көрсетіліп, дәстүрлі «Қош келдің, жас дарын!» атты қабылдау кеші өткізілді. Шара жас өрендерді білімге құштарлыққа, тәртіп пен ұйымшылдыққа тәрбиелеуге бағытталды.