Мектеп кітапханасының жұмыс жоспарының мазмұны:
І. Кітапхана жұмысының негізгі бағыттары мен міндеттері.
ІІ. Кітапханалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру.
ІII. Оқырмандарға ақпараттық қызмет көрсету және кітапты насихаттау шаралары.
IV. Кітапхананың оқулықтарын және негізгі қорын ұйымдастыру, сақтау, толықтыру.
І. Кітапхана жұмысының негізгі бағыттары мен міндеттері
Ақпараттық технологиялар заманында білім беру саласында мектеп кітапханасы маңызды рөл атқарады. Мектеп жоғары деңгейде жақсы кітапханасыз оқушылардың өскелең талабын қанағаттандыру, рухани байлығын дамыту, білімділік және тәрбиелік қызметін атқара алмайды. Білім негізгі рөл атқаратын қазіргі ақпараттық қоғамда, мектеп кітапханасы жемісті жетістіктерге жету үшін керекті оқырмандарға ақпарат пен идеяларды ұсынады.
Осы негізде лицейдің кітапхансында жаңа бағыттағы «READх», «Буктрейлер», «100 кітап», «Кітап айналымы», «Кітап оқу бәйгесі», «Кітап талқы алаңы» сынды жобалармен жұмыстану басшылыққа алынды. Сонымен қатар, мектеп сайтында «Электронды әдеби шығармалар», «Аудио шығармалар», «Буктрейлер» бөлімдері бойынша толықтырылып, жинақталып отырады.
Осы аталған қызметтерді атқаруда кітапхана төмендегідей құжаттарды басшылыққа алады:
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 12 маусымдағы № 248 бұйрығымен бекітілген 2020-2025 жылдарға арналған «Құндылықтарға негізделген білім беру» жобасы;
- Білім беру ұйымдарында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Оқу- ағарту министірінің 30.04.202 4 жылғы №194 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы 26.05.2025 жылғы №123 бұйрығы
- «2025-2026 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» ӘНХ, ҚР ОАМ Ы.Алтынсарин ат. ҰБА
- «Бір ел-бір кітап» бағдарламасын.
ІІ. Кітапханалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру
|
№ |
Жұмыстың мазмұны |
Оқырмандар тобы |
Өту мерзімі |
Жауапты |
|
1 |
Оқырмандардың кітап оқуына басшылық жасау (жаңадан келген кітаптарға библиографиялық шолу, оқырмандардың талғамы бойынша сұраныстарын орындауға мүмкіндік жасау) |
7-11 сынып, мектеп ұжымы |
Жыл бойы |
Қуанова Ш.А. |
|
2 |
Әрбір оқырманға көркем әдебиетпен қатар әр білім саласы бойынша көмек көрсету (Оқулықтар, оқу әдістемелік құралдар, кәсіби салалар) |
7-11 сынып |
Жыл бойы |
Қуанова Ш.А. |
|
3 |
Кітапханаға келетін баспасөз басылымдарымен қамтамасыз ету |
7-11 сынып |
Жыл бойы |
Қуанова Ш.А. |
|
4 |
Өткен күннің қорытындысы бойынша жұмыстану (оқырман мониторингі, оқылған кітап беті, саны) |
7-11 сынып |
Күнде |
Қуанова Ш.А. |
|
5 |
Жаңадан келген негізгі қорды «Otan Mektep» бағдарламасына тіркеу |
Жыл бойы |
Қуанова Ш.А. |
|
|
6 |
Жаңадан келген оқырмандарға «Otan Mektep» бағдарламасын қалай пайдалану керектігі туралы кеңес беру |
7-сынып |
Жыл бойы |
Қуанова Ш.А. |
|
7 |
Мерекелік іс-шаралар мен белгілі тұлғалардың атаулы күндеріне байланысты шараларға қатысуға үгіттеу |
7-11 сынып |
Жыл бойы |
Қуанова Ш.А. |
ІII. Оқырмандарға ақпараттық қызмет көрсету және кітапты насихаттау шаралары
3.1. Жыл ағымында ұйымдастырылатын дәстүрлі шаралар
|
Бағыты |
Тақырыбы |
Түрі |
Мерзімі |
Жауапты |
|
Кітапханаға оқырмандардың кітаптарды өз еркімен тапсыруға арналған қайырымдылық акциясы. |
«Кітап сыйла» |
Акция |
1-20 сәуір |
Қуанова Ш.А. Медресова Б.А. |
|
«Балалар кітапханасы» жобасы аясында отбасылық оқуға арналған кітаптардың тізімін жасау, оқушыны ата-анасымен қосылып кітап оқуға үгіттеу шаралары оқушының үй кітапханасының жасақталуына кеңес беру. |
«Оқырман отбасы» |
Отбасылық кітап оқу байқауы |
9-20 ақпан |
Қуанова Ш.А. Медресова Б.А. |
|
Мектептің сайтына электронды әдеби шығармалар, буктрейлер, аудио шығармалар оқырман оқушылардың кітап оқуға белсенділігін арттыру үшін ұсынылады. |
«Кітапхана - әлеуметтік желіде» |
Мәлімет |
Әр айдың соңғы аптасында |
Қуанова Ш.А. Медресова Б.А. |
|
Оқырман оқыған кітабының қысқаша мазмұны, идеясы, әсерімен бөлісіп, тыңдаушыны оқуға шақыратын баяндама жасайды. |
«Мен оқыған бір кітап» ReadX |
Кітап оқуды ұйымдастыру |
2 аптада 1 рет |
Қуанова Ш.А. Медресова Б.А. |
|
Көркем-эстетикалық тәрбие аясында орта білім беру ұйымдарында отандық мәдениет жетістіктерін – кітаптар, пьесалар, мүсіндер, суреттер, музыкалық әуендер, халық ауыз әдебиетіндегі Ұлы Дала мұрагерлерінің үздік мұралары – ертегілерді, аңыздарды, оқиғаларды, өсиеттерді, эпостарды меңгеру және жетілдіру жатады. Осы бағытта тұрақты тақырыптық кітап көрмелерін ұйымдастыру |
«Кітаптар сөйлейді» |
Кітапханадағы дәстүрлі кітап көрмелері |
5-қыркүйек 25-қазан 3-қараша 15-желтоқсан 16-наурыз |
Қуанова Ш.А. Медресова Б.А. |
|
Әр түрлі тақырыптағы көркем әдеби шығармаларды оқып, бәйге шарттарын орындау |
«Кітап оқу бәйгесі» жобасы |
Кітап оқу жарысы |
29 қыркүйек – 13 қазан (8-9 сынып оқушылары) 20 қазан – 3 қараша (мектеп ұжымы мен ата-аналар) 24 қараша – 8 желтоқсан (7-8 сынып оқушылары) 12-26 қаңтар (9-10 сынып оқушылары) 2-16 ақпан (мектеп ұжымы мен ата-аналар) 2-16 наурыз (7,8,9-сынып оқушылары) |
Қуанова Ш.А. Медресова Б.А. |
|
Мектеп ұжымы арасында байланыс пен ынтымақтастықты нығайту, рухани, мәдени, кәсіби даму бағытындағы оқырмандар ортасын қалыптастыру. Кітаптан түйген ойды, әсерді ортаға салу. |
«Кітап талқы алаңы» жобасы |
Кітап оқуды ұйымдастыру |
2 айда 1 рет 28-қараша 30-қаңтар 27-наурыз |
Қуанова Ш.А. Медресова Б.А. |
|
Оқушылардың маусымдық демалыс кезінде кітапқа деген сүйіспеншіліктерін арттырып, уақыттарын мағыналы, әрі қызықты етіп өткізу. |
«Кітаппен өткен демалыс күндер қызық» |
Кітап оқуды ұйымдастыру |
Күзгі демалыс уақытында (27 қазан – 2 қараша) Қысқы демалыс уақытында (29 желтоқсан - 7 қаңтар) Көктемгі демалыс уақытында (19-29 наурыз) |
Қуанова Ш.А. Медресова Б.А. |
3.2. Атаулы мерекелер мен танымал тұлғалардың мерейтойларына байланысты шаралар жоспары
|
Атауы |
Тақырыбы |
Бағыты |
Уақыты |
Жауапты |
|
5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі |
Мемлекеттік тіл – рухани байлық |
Дәстүрлі кітап көрмесі |
5-қыркүйек |
Қуанова Ш.А. Медресова Б.А. |
|
Республика күні |
Қазақстан-рухы биік, ұлы өлке |
Дәстүрлі кітап көрмесі |
25-қазан |
Қуанова Ш.А. Медресова Б.А. |
|
Көрнекті ағартушы, тарихшы, публицист, географ, археолог, этнограф Шоқан Шыңғысұлы Уалихановтың туғанына 190 жыл (1835-1865) |
Шоқан Уалиханов – қазақтың ұлы ғалымы |
Дәстүрлі кітап көрмесі |
3-қараша |
Қуанова Ш.А. Медресова Б.А. |
|
Жазушы, қазақ балалар әдебиетінің негізін салушы Сапарғали Ысқақұлы Бегалиннің туғанына 130 жыл (1895-1983) |
Балалар әдебиетінің бәйтерегі |
Жазушының «Бала Шоқан» әңгімесін «Кітап оқу бәйгесінде» оқытып, Kahoot арқылы тексеру (7-сынып) |
24-қараша |
Қуанова Ш.А. Медресова Б.А. |
|
16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні |
Тәуелсіздік-тұғырым |
Дәстүрлі және электронды Кітап көрмесі |
Желтоқсан |
Қуанова Ш.А. Медресова Б.А. |
|
Халық қаһарманы, жазушы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл (1910-1982( |
Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» романы |
Жазушының «Ұшқан ұя»романы бойынша «Кітап оқу бәйгесі» (8-10 сыныптар) |
Желтоқсан |
Қуанова Ш.А. Медресова Б.А. |
|
Қазақ поэзиясының алыбы, ақын, ұлы жыршы Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл (1846-1945) |
Жыр алыбы - Жамбыл |
Жыр сағаты |
27-ақпан |
Қуанова Ш.А. Медресова Б.А. |
|
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні |
Қыз тәрбиелей отырып, ұлт тәрбиелейміз |
«Мақал-мәтел үйренейік» сайысы және кездесу сағаты |
Наурыз |
Қуанова Ш.А. Медресова Б.А. |
|
21-23 наурыз – Наурыз мейрамы |
Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні! |
Кітап көрмесі Библиографиялық шолу |
Наурыз |
Қуанова Ш.А. Медресова Б.А. |
|
2-сәуір Халықаралық балалар кітабы күні |
«Біз мектеп оқырманы болашаққа кітаппен» «Шын жүректен кітап сыйла» челленджі «Мен кітап оқығанда..» тақырыбында эссе «Өзің оқып, өзгеге ұсын» тақырыбында «READх» жобасы |
Кітап оқу апталығы |
1-20 сәуір |
Қуанова Ш.А. Медресова Б.А. |
|
23 сәуір -Дүниежүзілік кітап күні |
«Кітап талқы алаңы» жобасының қорытындысы |
Қортынды шара |
Сәуір |
Қуанова Ш.А. Медресова Б.А. |
|
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні |
Бірлігі бекем елдің тірлігі берекелі |
Кітап көрмесі |
Мамыр |
Қуанова Ш.А. Медресова Б.А. |
|
9 мамыр – Ұлы жеңіс күні |
Ұрпаққа ұран болған-Ұлы Жеңіс |
Кітап көрмесі |
Мамыр |
Қуанова Ш.А. Медресова Б.А. |
|
«Үздік оқырман-2026» жыл қортындысы |
«Үздік оқырман-2026 жыл» |
Кітап оқу мониторингі және жыл бойы ұйымдастырылған кітап оқу байқауларының қортындылары |
Мамыр |
Қуанова Ш.А. Медресова Б.А. |
IV. Кітапхананың оқулықтарын және негізі қорын ұйымдастыру, сақтау және толықтыру.
|
№ |
Жұмыстың мазмұны |
Өту мерзімі |
Жауаптылар |
|
1 |
Қор қызметіне қорытынды жасау. 2025-2026 оқу жылына оқу әдебиеттері мен оқулықтармен оқушыларды қамту жұмыстары |
Тамыз-қыркүйек |
Қуанова Ш.А. |
|
2 |
Оқушыларға оқулықтарды беру және қабылдау |
Мамыр-маусым. Тамыз-қыркүйек |
Қуанова Ш.А. |
|
3 |
Оқу әдебиеттері қорын жинақтау |
Жыл бойы |
Қуанова Ш.А. |
|
4 |
Кітапханаға келген жаңа әдебиеттерді бағдарламаға және мүлік кітабына тіркеу, мөр соғу. Жиынтық есеп кітабына есебін шығару. |
Жыл бойы |
Қуанова Ш.А. |
|
6 |
Оқу бағдарламасын ауыстыру және көнергендерін есептен шығару |
Мамыр-тамыз |
Қуанова Ш.А. |
|
8 |
Есепке алу журналын түзету. Оқулықтарды беру журналын жүргізу |
Қуанова Ш.А. |
|
|
9 |
Оқу қорын сақтау бойынша жұмыстар жүргізу: - «Оқулыққа ұзақ өмір тілейміз» тексеру (жалпы мектептік – жартыжылда 1 рет, сыныпішілік – тоқсанда 1 рет); - Пән мұғалімдерімен, сынып жетекшілерімен, оқушылармен, олардың ата-аналарымен жеке кеңес жүргізу; - Оқу әдебиеттерімен жұмыс және оларды пайдалану ережесі туралы сынып сағаттарында, ата-аналар жиналысында, кітапханалық дәрістерде ұжымдық кеңес жүргізу; - Келтірілген залал бойынша шаралармен қамту; - Оқу жылында 2 рет кітапханаға қарыз оқырмандармен жұмыс |
Келісілген уақыт бойынша |
Қуанова Ш.А. |