«Білім мен табыс – болашақтың кепілі»

Бүгін, 24 қазан күні мектебімізде «Білім мен табыс – болашақтың кепілі» тақырыбында білім бәйгесінде оза шапқан үздік оқушыларды марапаттау үшін саптық жиын оздырылды. Қыркүйек-қазан айларында өткен республикалық және облыстық байқаулар мен мектепішілік олимпиадада жүлделі орын алған оқушылардың дипломдары табысталып, жетістіктері атап өтілді.

«Адал ұрпақ-ортақ міндет» тақырыбында облыстық ата-аналар  форумы

Орал қаласында ата-аналар, педагогтер мен қоғам белсенділері бас қосқан «Адал ұрпақ-ортақ міндет» тақырыбында облыстық ата-аналар форумы өтті. Аталған облыстық форумға лицейімізден мектеп өміріне белсене атсалысып жүрген үлгілі ата-аналардың бірі Бекмағамбетова Айнұр Сабырқызы қатысты.

«Даналық мектебі» жобасы шеңберінде 7-8 сынып қыз балаларымен «Сіңліме сыр» атты маманмен кездесу

«Даналық мектебі » жобасы шеңберінде 7-8 сынып қыз балаларымен «Сіңліме сыр» атты маманмен кездесу өтті. Сіңлілермен өткен тағылымды басқосу барысында нәзік жандыларға арналған өзекті тақырыптар сөз болды.

«Адал ұрпақ» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында, “Еңбегі адал-жас өрен” жобасы бойынша лицейімізде “Күзгі асар”жәрмеңкесі өтті!

Оқушылар өз қолдарымен дайындаған тәттілер мен бұйымдарын ұсынды. 

Жәрмеңкеден түскен барлық қаражат «Человек в маске» қайырымдылық қорына аударылды. 

«Казаэронавигация» мамандары оқушыларға авиация саласының қыр-сырын таныстырды

2025 жылдың 14 қазан күні «Казаэронавигация» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Орал қаласындағы филиалының мамандары оқушыларға кәсіптік бағдар беру мақсатында кездесу өткізді.

INSTAGRAM ЖЕЛІСІ 

[load_module id="107"]

Ақпараттық технологиялар мектеп-лицей интернаты

Қазақстан Республикасы, 090000

Орал қ., Сүндетқали Есқалиев к., 107

Телефон/факс: +7(7112) 31 13 92, +7(7112) 31 13 92

Электронды пошта itlyceum@mail.kz 

Лицейдің сенім телефоны 8 (7112) 51 09 59

Ұлттық сенім телефоны 111

БҚО білім басқармасының сенім телефоны 8(7112) 26 04 63

it-lyceum.edu.kz

Посмотреть на карте Уральска