Жалпы білім беретін мектептің 8-11 сынып оқушылары арасында өткен республикалық «Махамбет оқулары» байқауының облыстық кезеңінен оқушыларымыз жүлделі оралды.
✨ «Ұлы арман» номинациясы бойынша 8 сынып оқушысы Асқар Лэйла жүлделі ІІІ орынға ие болды. Жетекшісі – көркем еңбек пәнінің мұғалімі Назира Мирбекқызы. Лэйланы және жетекшісін құттықтаймыз!
? «Шашақты найза шалқар күй» номинациясында 9 сынып оқушысы Әділбекұлы Айсұлтан І орын алып, байқаудың республикалық кезеңіне жолдама жеңіп алды. Жетекшісі Ернар Махабатұлы. Айсұлтанға зор сәттілік тілейміз!
? Қаныш Имантайұлы Сәтбаев атындағы химия пәнінен өткен облыстық олимпиадада да оқушыларымыз зор табыстар көрсетті. 11 сынып оқушысы Ишанбекова Айслу ІІ орынға, 9 сынып оқушысы Сырымқызы Айару І орынға ие болды. Жетекшісі – Райхан Қуанышқызы. Айаруға республикалық кезеңде жеңіс тілейміз!
Жеңімпаздарымыз бен жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз! Осындай үздік жетістіктеріңізбен мақтанамыз және алдағы сайыстарда табыс тілейміз!