АҚЖАЙЫҚ ЖАС ДАРЫНЫ 2023

Бүгін мектебіміздің пәндік олимпиаданың республикалық кезеңінде топ жарған оқушыларымыз Халиуллин Мадияр, Ғиссатден Нұрәділ, Валитова София,Құспан Гүлбақыт облыс әкімі Н.Төреғалиевпен кездесті. Білім мен тәрбиенің жетістігі айқын көрініс тапқан салтанатты жиында білімді шәкірттерге облыс әкімінің Алғыс хаты табысталды.

“Педагогикалық триумф - 2023” шарасы оздырылды

2022-2023 оқу жылының аяқталуына орай мектебімізде мектеп педагогтеріне арналған “Педагогикалық триумф - 2023” шарасы оздырылды.

Мақсаты – оқу жылында жетістікке жеткен ұстаздарымыздың еңбегіне құрмет көрсетіп, үздіктерді марапаттау.

Таңғы жүгіру

Бүгін лицей директоры Ж.М.Шонбаев, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ақжан Жасқайратұлы, тарих пәні мұғалімі Азат Бисембаевич және педагог психолог Шынар Ерболатовна интернат оқушыларымен бірге "Қалалық мәдениет және демалыс саябағында" 2022-2023 оқу жылында дәстүрге айналған таңғы жүгіруге шықты. Жүгіруден соң оқушылар табиғат аясында тамақтанып, биылғы оқу жылын қорытындылады. Интернат тәрбиеленушілері уақыттарын көңілді әрі пайдалы өткізді.

«Батыс су арнасы» ЖШС-на экскурсия

22 мамыр күні 7-8 сынып оқушылары «Батыс су арнасы» ЖШС-на экскурсияға барып келді. Оқушылардың экскурсияға барудағы негізгі мақсаты: химия пәні бойынша таңдау курсында алған теориялық білімдерін практикамен байланыстыру, оқушылардың ой-өрістерін кеңейту, суды тазартудың технологиясы, қолданылуы және олардың қоршаған ортаға әсері туралы терең білім беру.

№81 "Astana English School" мектебіне іссапар

2023 жылдың ақпан айында мектебіміздің мұғалімдерінен құралған топ тәжірибе алмасу мақсатымен Астана қаласының №81 "Astana English School" мектебіне іссапармен барып келген болатын. Наурыз айында өткізілген педагогикалық кеңесте іссапарға барып келген әріптестеріміз аталған мектептің оқушыларының жеке жобамен жұмыс жасау тәжірибесін, жаңалығын, өзектілігін, қажеттілігін, бағытын баяндап, келесі оқу жылында оқу жоспарына жобалық іс-әркетке бағытталған курстар, үйірме сағаттарын енгізуді ұсынды.

Таңғы жүгіру

Бүгін лицей директоры Ж.М.Шонбаев және дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Арнаут Талапұлы интернат оқушыларымен бірге "Қалалық мәдениет және демалыс саябағында" таңғы жүгіруге шықты. Оқушылар уақыттарын қызықты және пайдалы өткізді.

Оқу-жаттығу өткізілді

12.05 күні ҚР Премьер-Министрі Ә.А. Смайыловтың (2023 жылғы 27 сәуірдегі №15-11/Б-272 лп) тапсырмасына сәйкес мектебімізде оқу-жаттығу өткізілді. Оқу-жаттығу кезінде "ӨРТ" дабылы қосылып, пән мұғалімдері мен оқушылар жақын жердегі шығу есігінен шықты. Барлық қауіпсіздік ережелері сақталды

“Елбасы медалі“ жобасының қола медаль иегерін марапаттау рәсімі өтті

2023 жылдың 12 мамырда мектебімізде “Елбасы медалі“ жобасының қола медаль иегерін марапаттау рәсімі өтті. 7 негізгі бағыттан тұратын “Елбасы медалі” жобасының сынынан сүрінбей өтіп Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатоның 10 B - сынып оқушысы Залмұқан Айша Тілекқызы қола медалімен марапатталды. Алар асулары көп болсын!

Ақпараттық технологиялар мектеп-лицей интернаты

Қазақстан Республикасы, 090000

Орал қ., Сүндетқали Есқалиев к., 107

Телефон/факс: +7(112) 514243, +7(7112) 514243

Лицейдің сенім телефоны 8 (7112) 51 09 59

Ұлттық сенім телефоны 111

БҚО білім басқармасының сенім телефоны 8(7112) 26 04 63

it-lyceum.kz