ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

5 қазан – Мұғалімдер күніне орай Орал қаласындағы «АТАМЕКЕН» өнер ордасында ұстаз мәртебесін ұлықтаған «Ұстазға тағзым» мерекелік шарасы өтті.
Мерекелік шараға Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиұлы Төреғалиев қатысып, барша ұстаздар қауымын кәсіби мерекесімен құттықтады.
Салтанатты жиында білім саласының ардагерлері мен педагогтерге құрмет көрсетіліп, облыс әкімі бірқатар ұстаздарға Батыс Қазақстан облысы әкімінің Алғыс хатын табыстады.
Осы марапатқа ие болған ұстаздардың қатарында лицейіміздің ағылшын тілі пәні мұғалімі Гүлнара Аипқызы да бар.
Ұстаз еңбегінің еленіп, еңбегінің жоғары бағалануы зор мәртебе.
Гүлнара Аипқызын марапатымен құттықтаймыз! Жауапты да абыройлы еңбегіңізге шығармашылық табыс, шәкірттеріңіздің биік жетістіктерін тілейміз!



