Мазмұнға өту

Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік!

5 қазан 2026 Жаңалықтар
Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік!

Мұғалімдер күніне арналған дәстүрлі «Дублер күні» мен мерекелік концерт өтті.

Мерекелік көңіл күй таңертеңнен басталды. 11-сынып оқушылары жұмысқа келген ұстаздарын мектептің кіреберісінде жылы жүзбен, ізгі тілектермен қарсы алды. Ал «Жас Ұлан» ұйымы мұғалімдердің фотосуреттерін әдемі сөздермен, жүрекжарды құттықтаулармен безендіріп, ұстаздарға ерекше тарту жасады.
Мектептің 2026–2027 оқу жылына арналған тәрбие жұмысы жоспарына сәйкес ұйымдастырылған «Дублер күні» оқушылардың өзін-өзі басқаруын дамытуға, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін қалыптастыруға, педагог мамандығына қызығушылығын арттыруға бағытталды. Бұл күні 11-сынып оқушылары мектеп әкімшілігі мүшелері мен пән мұғалімдерінің міндеттерін атқарып, ұстаздық еңбектің жауапкершілігін сезінуге мүмкіндік алды.
Мерекеге арнайы дайындалған бейнероликтер де ұстаздарды жаңа қырынан танытты. «Мұғалім болмағанда, кім болар едіңіз?», «Көпшілік біле бермейтін сырыңыз қандай?», «Ұстаздық еңбек өтіліңіз қанша жыл?» деген сұрақтарға берілген шынайы жауаптар мерекенің мазмұнын аша түсті.
Мерекелік күн 11-сынып оқушылары дайындаған «Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік» атты концертпен жалғасын тауып, әдемі қорытындыланды. Әсіресе, «Оқымақтар» кітабынан алынған сахналық қойылым көрермендерге ерекше әсер қалдырды.
Осындай жылы сәттер мен әдемі естеліктер сыйлаған 11-сынып оқушыларына, «Жас Ұлан» ұйымына және ұйымдастыруға атсалысқан барша жанға алғыс білдіреміз!
Құрметті ұстаздар! Шәкірттеріңіздің ықыласы мен жетістігі еңбектеріңіздің ең қымбат жемісі болсын. Мерекелеріңіз құтты болсын!

Фотогалерея

Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік!Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік!Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік!Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік!Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік!Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік!Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік!Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік!Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік!Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік!Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік!Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік!

Басқа жаңалықтар