Мазмұнға өту

Заңды білу – азаматтық парыз

5 қазан 2026 Жаңалықтар
Заңды білу – азаматтық парыз

Мектебімізде оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, өз құқықтары мен міндеттерін білуге, заң талаптарын құрметтеуге тәрбиелеу және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Заңды білу – азаматтық парыз» тақырыбында жалпы ұлдар жиналысы өтті.

Жиналысқа директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Ж. Сагинова, ұлдар жетекшісі, АӘД пәнінің мұғалімі Р.М. Ербулеков, интернат жетекшісі Қ.Ю. Райымова және мектеп инспекторы М. Хабибуллиева қатысты.
Ұлдар жетекшісі Р.М. Ербулеков мектептің ішкі тәртіп ережелерін сақтаудың маңызын атап өтіп, оқушыларды тәртіпті болуға, өзара сыйластық танытуға және өз әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауға шақырды.
Мектеп инспекторы М. Хабибуллиева оқушылардың құқықтары мен міндеттері, әкімшілік құқық бұзушылық ұғымы және кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі туралы түсіндіру жұмысын жүргізді. Сондай-ақ қоғамдық орындардағы тәртіп, түнгі уақытта жүру ережелері және интернеттегі құқықтық жауапкершілік мәселелеріне тоқталды.
Кездесу барысында құқық пен міндеттің өзара байланысына, әрбір әрекеттің салдарын түсінуге және өзгенің құқығын құрметтеуге ерекше назар аударылды.
Заңды білу, тәртіпті сақтау және жауапкершілікті сезіну – саналы азаматтың берік ұстанымы!
#ЗаңдыБілуАзаматтықПарыз #ЗаңЖәнеТәртіп #ҚұқықтықСауаттылық #ҚұқықБұзушылықтыңАлдынАлу #МектепӨмірі

Фотогалерея

Заңды білу – азаматтық парызЗаңды білу – азаматтық парызЗаңды білу – азаматтық парызЗаңды білу – азаматтық парызЗаңды білу – азаматтық парызЗаңды білу – азаматтық парыз

Басқа жаңалықтар