Ойын барысында оқушылар білімін шыңдап, логикалық ойлау қабілеттерін дамытатын сұрақтарға жауап берді. Түрлі тақырыптарды қамтитын тапсырмалар зияткерлік белсенділікті арттырып, қызықты әрі тартысты ойын өрнегін құрады.
Ойын барысында оқушылар білімін шыңдап, логикалық ойлау қабілеттерін дамытатын сұрақтарға жауап берді. Түрлі тақырыптарды қамтитын тапсырмалар зияткерлік белсенділікті арттырып, қызықты әрі тартысты ойын өрнегін құрады.
4 наурыз күні интернат тәрбиеленушілері үшін ерекше мазмұндағы іс-шаралар ұйымдастырылды. «Тәрбиемен берілген білім – өлшеуі жоқ қазына» атты интернат тәрбиешілерінің апталығы аясында өткізілген бұл шаралар оқушылардың жан-жақты дамуына, ұлттық құндылықтарды бағалай білуіне ықпал етті.
1 наурыз — Алғыс айту күніне орай лицейіміздің өзін-өзі басқару ұйымы мектеп ұстаздарына және мектеп аумағында тазалықты қамтамасыз етіп жүрген қызметкерлерге өз алғыстарын білдірді. Оқушылар ұстаздарға және мектеп қызметкерлеріне олардың еңбегі мен көрсеткен адал қызметтері үшін шынайы алғыс айтып, оларды құрметтеп, ризашылықтарын білдірді. Алғыс айту күні — бізге игі істер мен жақсы ниеттерді бағалау, адамгершілікке баулу мен бір-бірімізге құрмет көрсету күні ретінде ерекше мәнге ие.
3 наурыз күні «Тәрбиемен берілген білім –өлшеуі жоқ қазына» атты интернат тәрбиешілерінің апталығының ашылуы болды. Апталықтың бірінші күні оқушыларға үзіліс кезінде «Ойлан тап» ойыны ойнатылды.
Халықаралық әйелдер күніне орай лицейімізде 7-9 сынып қыз балалары арасында волейболдан жарыс өтті. Оқушыларымыз спорттық бәсекеге белсене қатысып, жоғары нәтиже көрсетті!
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 7-8 сынып оқушыларына арналған «Кітап оқу бәйгесі» жарысы жалғасын табады.
2025 жылдың 26 ақпан күні лицейімізде Дін мәселелерін зерттеу орталығының оңалту жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің басшысы Бабаханов Абдуахид Абытханұлымен кездесу өтті.
«Дарынды балаларға - талантты ұстаз" Республикалық олимпиадасының облыстық кезеңінде біздің мектебіміздің жас педагогі, география пәнінің мұғалімі Бағдагүл Әбішқызы жүлделі ІІІ орынға ие болды! ?