Мазмұнға өту

«Апельсин-2026»: лицей оқушыларының физика-техникалық турнирдегі жетістігі

27 қараша 2026 Жаңалықтар
«Апельсин-2026»: лицей оқушыларының физика-техникалық турнирдегі жетістігі
2026 жылғы 24–26 қараша күндері өткен облыстық «Апельсин-2026» физика-техникалық турнирінде лицейіміздің 10–11-сынып оқушылары өз білімдері мен зияткерлік қабілеттерін танытып, жүлделі орындарға ие болды.
Турнир барысында оқушылар физика пәні бойынша теориялық білімдерін ұштастыра отырып, логикалық ойлау қабілеттері мен күрделі тапсырмаларды шешудегі шеберліктерін көрсетті.
Турнир қорытындысы бойынша:
10-сынып оқушылары:
* Ғайнолла Мейрамбек – ІІІ орын;
* Абдрахманов Ислам – Алғыс хат.
11-сынып оқушылары:
* Талап Жанерке – ІІІ орын;
* Құмарғали Нұрдаулет – ІІІ орын.
Жетекшісі: физика пәні мұғалімі Жауғашар Бейімбет Берікұлы.
Бұл жетістік – оқушыларымыздың ғылымға деген қызығушылығының, табанды ізденісінің және ұстаздың жүйелі еңбегінің нәтижесі.
Жүлдегер оқушыларымызды және олардың жетекшісін шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да білім додаларында биік белестерді бағындырып, лицейіміздің мерейін асқақтата берулеріңізге тілектеспіз!

Фотогалерея

«Апельсин-2026»: лицей оқушыларының физика-техникалық турнирдегі жетістігі«Апельсин-2026»: лицей оқушыларының физика-техникалық турнирдегі жетістігі«Апельсин-2026»: лицей оқушыларының физика-техникалық турнирдегі жетістігі«Апельсин-2026»: лицей оқушыларының физика-техникалық турнирдегі жетістігі

Басқа жаңалықтар