КІТАП ОҚУ – ОЙҒА ОЙ ҚОСУ!

«Кітаптың құндылығы – оны оқып бітіруде емес, оқығаныңнан ой түйіп, өміріңе сабақ алуда».
Бүгін 9 «Б» сынып оқушылары Ақиқат Растың «Оқымақтар» кітабын талқылап, ой бөлісті.
Кітап оқу – бір бөлек, ал оқығаныңды өзгелермен бөлісіп, түрлі көзқарасты тыңдау – өз алдына бір әлем.
Кездесу барысында оқушылар шығарма кейіпкерлерінің іс-әрекетіне баға беріп, негізгі идеясын талдады. Кітаптан алған әсерлерімен бөлісіп, өз ойларын еркін жеткізді. Бірі кейіпкердің әрекетін қолдаса, енді бірі оған басқа қырынан қарап, пікірін дәлелдеуге тырысты. Осындай шынайы ойлар мен қызықты пікірталас кездесудің мазмұнын байыта түсті.
📖 Басты мақсатымыз – оқушыларға кітап оқыту ғана емес, оқығанын түсініп, ой елегінен өткізетін, өзіндік көзқарасы қалыптасқан, пікірін еркін әрі дәлелді жеткізе алатын оқырман тәрбиелеу.
Әр оқылған кітап жаңа ойға жетелеп, әр талқылау жаңа көзқарас қалыптастыруға ықпал етсін!









