«Кітап талқы алаңы» «Улуру» кітабы талқыланды

«Кітап талқы алаңы» аясында кезекті кездесу Тұрсынбек Әлиұлының «Улуру» кітабын талқылауға арналды. Қатысушылар шығарма туралы ой бөлісіп, өзара пікір алмасты.
Кездесудің ерекшелігі – автордың өзімен бейнебайланыс арқылы жүздесіп, көкейдегі сұрақтарымызды қою мүмкіндігі болды. Бұл жүздесу шығармаға тереңірек үңіліп, автордың ойы мен шығармашылық ұстанымын жақынырақ тануға мүмкіндік берді.







