«Кітап талқы алаңы» жобасы аясында мектеп ұжымының кезекті кітап талқы отырысы өтті

Бұл жолы қатысушылар Санжар Керімбайдың «Бейсен және болмыс» кітабын оқып, шығармадағы ойлар мен өмірлік қағидалар төңірегінде пікір алмасты.
Талқылау барысында кітаптың тәрбиелік мәні, адам болмысы, отбасы құндылықтары, бала тәрбиесі, өмірге көзқарас пен күнделікті ұстанатын қағидалар туралы ой қозғалды. Әр қатысушы кітаптан түйген әсерімен бөлісіп, өз өмірімен байланыстыра отырып, кейбір тұстарға тереңірек үңілді.








