Педагогикалық шеберлік пен жаңашылдықтың жарқын жеңісі!
27 қараша күні өткен облыстық «Педагогикалық идеялар фестивалінде» лицейіміздің химия пәні мұғалімі Қоныспай Райхан жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі І орынға ие болды.
Бұл жетістік – әріптесіміздің кәсіби шеберлігінің, шығармашылық ізденісінің, жаңашыл идеялары мен білім беру саласындағы жүйелі еңбегінің жемісі.
Әріптесімізді лайықты жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Республикалық кезеңде сәттілік серік болып, шығармашылық ізденістеріңіз жаңа жетістіктерге ұлассын!
Лицейіміздің мерейін асқақтатып, биік белестерді бағындыра беріңіз!



