Мазмұнға өту

«Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай спорттық шаралардың қорытындысы

2 желтоқсан 2024 Жаңалықтар
«Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай спорттық шаралардың қорытындысы

2024 жылдың қараша айының соңғы аптасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай мектепте баскетбол мен волейболдан спорттық жарыстар өткізілді. Жарыстарға 7-11 сынып оқушылары қатысты, олар өздерінің шеберліктерін көрсетіп, спортқа деген қызығушылықтарын арттырды.

Баскетбол жарысы 22 қараша күні бастау алып, жарысқа 7-8 және 9-11 сынып оқушылары қатысты. Барлық сыныптар жарысқа жақсы дайындықпен келген және сынып жетекшілері оқушыларды жарыс ережелерімен толық таныстырды. Жарысқа қатыспаған оқушылар өз командаларын қолдап отырды. Жарыс нәтижесі бойынша:

1 орын – 8а сынып құрама командасы

2 орын – 8б сынып құрама командасы

3 орын – 7б сынып құрама командасы

Жарыс ашылуында лицей директоры Шонбаев Жеңіс Меңдіғалиұлы қатысушыларды құттықтап, сәттілік тіледі.

Волейбол жарысы 26-28 қараша аралығында өткізілді. Бұл жарысқа 7-8 сыныптар мен 9-11 сыныптар арасындағы оқушылар қатысып, өз командаларын жоғары деңгейде көрсетіп, тартысты ойын көрсетті. Сынып жетекшілері жарыс ережелерімен оқушыларды таныстырып, дайындықтарын қадағалады. Жарыс нәтижесінде:

7-8 сыныптар арасында:

1 орын – 8а сынып құрама командасы

2 орын – 8б сынып құрама командасы

3 орын – 8ә сынып құрама командасы

9-11 сыныптар арасында:

1 орын – 10в сынып құрама командасы

2 орын – 9б сынып құрама командасы

3 орын – 9а-ә сынып құрама командасы

Барлық қатысушылар жоғары деңгейде ойын көрсетті, жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды. Бұл шаралар оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттап, олардың спортқа деген қызығушылығын арттырды.

Фотогалерея

«Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай спорттық шаралардың қорытындысы«Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай спорттық шаралардың қорытындысы«Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай спорттық шаралардың қорытындысы«Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай спорттық шаралардың қорытындысы«Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай спорттық шаралардың қорытындысы«Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай спорттық шаралардың қорытындысы«Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай спорттық шаралардың қорытындысы«Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай спорттық шаралардың қорытындысы«Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай спорттық шаралардың қорытындысы«Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай спорттық шаралардың қорытындысы«Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай спорттық шаралардың қорытындысы

Басқа жаңалықтар