Мазмұнға өту

«Өзің оқып, өзгеге ұсын» атты шара оздырылды

2 желтоқсан 2024 Жаңалықтар
«Өзің оқып, өзгеге ұсын» атты шара оздырылды

2024 жылдың 28-қараша күні «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында оқырмандарымыздың қызықты, әрі сүйікті жобасы «ReadX» форматында «Өзің оқып, өзгеге ұсын» атты кезекті шара оздырылды. Аталмыш шара мақсаты, мектебімізге жаңадан келген 7-сынып оқушыларына кітапханада ұйымдастырылатын іс-шаралардың бағыт-бағдарын көрсетіп, кітап оқуға бағыттау. Осы мақсат негізінде, 8-9 сынып оқушылары оқыған кітаптарын ортаға салып, ой бөлісті.

Шара спикерлері 8-сынып оқушысы Сырымқызы Айару – Луиза Мэй Олкоттың «Маленькие женщины» туындысын,  9-сынып оқушылары  — Кушкенбаев Алдияр — Санжар Керімбайдың «Қуыскеуде», Гиниятов Мансұр – Қасым Қайсеновтың «Жау тылындағы бала» туындысын, Батырханова Айя —  Роберт Кийосакидің «Бай әке, кедей әке» кітабын баяндап берді. Кітапты оқып, оқуға ұсыныс жасаған спикерлер әр кітапты қызықты, әдеби көркем тілде жеткізе білді. Оларды тыңдаушы 7-сынып оқушылары да белсенділік танытып, спикерлерге сұрақтар қойып, шығарма кейіпкерлері мен шығарма желісі туралы да өз ойларын білдірді. Сонымен қатар, өздерін қызықтырып, жақсы әсер қалдырған әдебиеттерді оқуға алды.

Фотогалерея

«Өзің оқып, өзгеге ұсын» атты шара оздырылды«Өзің оқып, өзгеге ұсын» атты шара оздырылды«Өзің оқып, өзгеге ұсын» атты шара оздырылды«Өзің оқып, өзгеге ұсын» атты шара оздырылды«Өзің оқып, өзгеге ұсын» атты шара оздырылды

Басқа жаңалықтар