«Тарих білгірлері» атты интеллектуалдық сайыс өтті

2024 жылдың 10 желтоқсан күні «Тіл мен тарих — ғасырлар куәсі» қазақ тілі мен әдебиеті және тарих пәндерінің апталығы аясында 9-сынып оқушылары арасында «Тарих білгірлері» атты интеллектуалдық сайыс өтті.
Оқушылардың тарихи білімдерін шыңдау, тарих пәніне қызығушылықтарын арттыру мақсатында ұйымдастырылған бұл шараны тарих пәнінің мұғалімі Н.Қ.Иманғалиева өткізді. Сайысқа 9-сыныптардан «Алаш Орда», «Хан Орда» командалары қатысты. Оқушылар өзара білімі мен логикалық ойлау қабілеттерін, жылдамдық пен дәлдікті тексеретін түрлі кезеңдерде бақ сынады. Сайыс соңында жеңімпаздар дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.











