Мазмұнға өту

«Кітап оқу бәйгесі» жарысы оздырылды

10 желтоқсан 2024 Жаңалықтар
«Кітап оқу бәйгесі» жарысы оздырылды

«Оқуға құштар мектеп»жобасы аясында 25 қараша — 6 желтоқсан күндері 9-10 сынып оқушылары арасында «Кітап оқу бәйгесі» жарысы оздырылды. 

Оқу бәйгесінде Сапарғали Бегалиннің «Ғалым Шоқан» (Жетісу сапары, Ыстықкөл сапары, Қашғария сапары,  Петербург сапары) шығармасы оқылып, google формы желісінде  тест тапсыру арқылы әр кезеңнің үздіктері анықталды.

Бәйге 3 кезеңге бөлінді. Барлығы 18 оқушы қатысты. 

Үш кезеңнің қортындысы негізінде жоба қатысушылары арасынан уақыт жылдамдығы және дұрыс жауап беру деңгейлері  бойынша үздік нәтиже көрсеткен 10-сынып оқушылары Раш Дарын I дәрежелі дипломмен (2 500 теңгелік сертификат),  Зинекешева Ясминур II дәрежелі дипломмен (2 000 теңгелік сертфикат), Ишанбекова Айслу III дәрежелі дипломмен (1 500 теңгелік сертификат), Ғалымжан Марлен «Кітапқұмар оқырман» (500 теңгелік сертификат)аталымымен марапатталды.

Лицейдің барша оқырмандарын «Кітап оқу бәйгесі» жобасының келесі кезеңдеріне белсенді қатысуға шақырамыз!

image 10 12 24 01 27

Басқа жаңалықтар