Мазмұнға өту

«Сүйікті кітапқа арналған үздік иллюстрация» байқауы өтеді! 

28 қазан 2025 Жаңалықтар
«Сүйікті кітапқа арналған үздік иллюстрация» байқауы өтеді! 

«Балалар кітапханасы» бағдарламасы аясында күзгі демалыс кезінде «Сүйікті кітапқа арналған үздік иллюстрация» байқауы өтеді! 

Байқаудың мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және сүйікті кейіпкерлерін бейнелеу арқылы қиялын ұштау.

Қатысу шарттары:

—  Байқауға тек 7-сынып оқушылары қатыса алады;

— Қатысушы өзіне ұнаған кітап бойынша иллюстрация (сурет) салады;

— Сурет ақ қағазға түрлі бояу, акварель, гуашь немесе графикалық тәсілдермен орындалуы мүмкін;

— Жұмыстың астына қатысушының аты-жөні, сыныбы жазылады.

Жұмыстарды қабылдау мерзімі:

— Күзгі демалыс уақыты бойы (3-қарашаға дейін)

Нәтижесі:

Үздік деп танылған жұмыстар кітапханада көрмеге қойылып, жеңімпаздар марапатталады! 

Барлық жас суретшілерді шығармашылық байқауға белсене қатысуға шақырамыз!

image 28 10 25 11 53

Басқа жаңалықтар