Мазмұнға өту

«Білім мен табыс – болашақтың кепілі»

24 қазан 2025 Жаңалықтар
«Білім мен табыс – болашақтың кепілі»

Бүгін, 24 қазан күні мектебімізде «Білім мен табыс – болашақтың кепілі» тақырыбында білім бәйгесінде оза шапқан үздік оқушыларды марапаттау үшін саптық жиын оздырылды. Қыркүйек-қазан айларында өткен республикалық және облыстық байқаулар мен мектепішілік олимпиадада жүлделі орын алған оқушылардың дипломдары табысталып, жетістіктері атап өтілді.

2025-2026 оқу жылы бойынша мектепішілік пәндер олимпиадасына 7-8 сыныптардан 109 оқушы, 9-11 сыныптардан 125 оқушы, барлығы 234 оқушы қатысты. 

7-8 сынып оқушылары арасында: 

•    «Алғы хатқа» — 2 оқушы;

•    ІІІ орынға – 33 оқушы; 

•    ІІ орынға – 23 оқушы;

•    І орынға – 16 оқушы ие болып, олимпиаданың аймақтық кезеңіне жолдама алса, 

9-11 сынып оқушылары арасында: 

•    «Алғыс хатқа» — 6 оқушы; 

•    ІІІ орынға – 32 оқушы; 

•    ІІ орынға – 29 оқушы; 

•    І орынға – 22 ие болып, жалпы білім беретін пәндер олимпиадасының аймақтық кезеңіне қатысуға мүмкіндік алды.   

Жеке оқушылардың жетістіктерімен қатар, Республикалық пәндер олимпиадасының мектепішілік кезеңінде көрсеткен үздік нәтижелері үшін «Үздік олимпиадалық команда – 2025» аталымы бойынша үздік сыныптар анықталып, диплом және ақшалай сыйлықпен марапатталды.  

•    «Үздік олимпиадалық команда-2025» ІІІ дәрежелі дипломмен 10А сыныбы марапатталды. Сынып жетекшісі Нұртілеу Серікұлы; 

•    «Үздік олимпиадалық команда-2025» ІІ дәрежелі дипломмен 7Б сыныбы марапатталды. Сынып жетекшісі Диана Болатбекқызы.

•    «Үздік олимпиадалық команда-2025» І дәрежелі дипломмен 8А сыныбы марапатталды. Сынып жетекшісі Роза Берікқызы. 

Бүгінгі жиын – білім мен еңбектің мерекесі. Барша оқушыларға алдағы демалыс күндеріңіз сәтті өтсін демекпіз!

Фотогалерея

«Білім мен табыс – болашақтың кепілі»«Білім мен табыс – болашақтың кепілі»«Білім мен табыс – болашақтың кепілі»«Білім мен табыс – болашақтың кепілі»«Білім мен табыс – болашақтың кепілі»«Білім мен табыс – болашақтың кепілі»«Білім мен табыс – болашақтың кепілі»«Білім мен табыс – болашақтың кепілі»«Білім мен табыс – болашақтың кепілі»«Білім мен табыс – болашақтың кепілі»«Білім мен табыс – болашақтың кепілі»«Білім мен табыс – болашақтың кепілі»«Білім мен табыс – болашақтың кепілі»«Білім мен табыс – болашақтың кепілі»«Білім мен табыс – болашақтың кепілі»«Білім мен табыс – болашақтың кепілі»«Білім мен табыс – болашақтың кепілі»«Білім мен табыс – болашақтың кепілі»«Білім мен табыс – болашақтың кепілі»«Білім мен табыс – болашақтың кепілі»«Білім мен табыс – болашақтың кепілі»«Білім мен табыс – болашақтың кепілі»«Білім мен табыс – болашақтың кепілі»

Басқа жаңалықтар