09 қаңтар күні 2022-2023 оқу жылының түлектерімен кездесу өтті. Кездесу барысында студенттер мектеп оқушыларына өздері оқып жатырған жоғарғы оқу орындары жөнінде, білім бағдарламаларының айырмашылықтары жөнінде мәліметтер берді.
09 қаңтар күні 2022-2023 оқу жылының түлектерімен кездесу өтті. Кездесу барысында студенттер мектеп оқушыларына өздері оқып жатырған жоғарғы оқу орындары жөнінде, білім бағдарламаларының айырмашылықтары жөнінде мәліметтер берді.
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектеп ұжымы мен ата-аналары және мектеп түлектеріне арналған «Кітап оқу бәйгесі» жарысы жалғасын табады.
2024 жылдың 4-5 қаңтар күндері Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ІІІ облыстық кезеңіне мектебімізден жаратылыстану-математика бағыты бойынша 21 оқушы, қоғамдық гуманитарлық бағыт бойынша 30 оқушы, барлығы 51 оқушы қатысты.
Біздің мектепте интернат тәрбиеленушілері 7-сыныпта түскеннен бастап мектеп бітіргенше бес жыл тұрады. Интернатта тұру кезінде оқушы өз бетінше дербес шешім қабылдауға, жаупакершілікті өз мойнына алуға, ортада өзін-өзі ұстауға үйреніп, жалпы өмірге қажетті дағдыларды меңгереді. Сондықтан, интернат - оқушылардың екінші үйі болып есептеледі.
2023 жылдың 11-15 желтоқсан аралығында білім ордамызда Тәуелсіздік күнімен орайластырылып, "Тіл мен тарих - ұлт тағдары" тақырыбында тарих және қазақ тілі мен әдебиеті апталығы оздырылды.
Күні кеше аймақ айнасы “AQJAIYQ” телеарнасы мен Облыстық білім басқармасының бірлескен жобасы “Bilim high”, яғни Білім шыңы зияткерлер додасы өткен болатын. “Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады” дегендей, өңір мектептеріндегі жоғары сынып арасында өтіп жатқан білім бәйгесінде лицейіміздің шәкірттерінен құралған “Дария” тобы өз білімдерін ортаға салып, жүлделі 3 орынды жеңіп алды.
Мектеп-лицейіміз 30 жылдық мерейтойын атап өтуде. Осыған орай 2004 жылғы мектеп түлектері атынан Габдолов Нұрболат, Батыров Нұрбек және Дюсекенов Ерлан өздерінің білім мен тәрбие алған мектеп-интернатына теледидар сыйға тартты. Түлектеріміздің игі істеріне мектеп ұжымы мен оқушыларымыздың атынан алғыс айтып, ризашылығымызды білдіреміз.