Білім мен технология тоғысқан апталықтың салтанатты жабылуы

Апталықтың соңғы күні 7-сынып оқушыларына арналған «Ақылды үзіліс» ұйымдастырылды. Танымдық ойындар мен қызықты тапсырмалар арқылы оқушылар логикалық ойлау, жылдамдық және топпен жұмыс істеу дағдыларын көрсетті.

«Шын жүректен кітап сыйла» акциясы

«Шын жүректен кітап сыйла» акциясы аясында мектебіміздің ұстазы Зухра Тельманқызы Нұргүл Қуандыққызына тосын сый ретінде кітап табыс етті. Бұл – әріптеске деген ізгі ниеттің және рухани құндылықтарды дәріптеудің әдемі көрінісі.

Дарынды балаларға – талантты ұстаз: жас педагогтың жарқын жеңісі

Жас педагогтердің шығармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамытуына жағдай жасау, білім беру жүйесін жетілдіруге жас мұғалімнің кәсіби көзқарасын қалыптастыру мақсатында  2026 жылдың 19 ақпан күні облысымызда «Дарынды балаларға - талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасы оздырылды.

Xiamen University өкілі Муратова Елнурмен 11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру мақсатында кездесу өткізілді

17 ақпанда Малайзиядағы Xiamen University өкілі Муратова Елнурмен 11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру мақсатында кездесу өткізілді. Кездесудің негізгі мақсаты – оқушыларға университетке түсу мүмкіндіктері, түрлі мамандықтар туралы ақпарат беру, кәсіби бағыттарды таңдау кезінде дұрыс шешім қабылдауға көмек көрсету және болашақта білім алу жолын жоспарлауға қолдау көрсету.

Информатика әлеміне саяхат: апталықтың екінші күніндегі белсенді шаралар

17 ақпан күні апталық аясында 10-сынып оқушыларына арналған «Ақылды үзіліс» ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушылар топқа бөлініп, «арқан тартыс» ойыны форматында зияткерлік сайысқа қатысты. Әр топқа информатика және ақпараттық технологиялар пәндерінен жылдам жауап беруді талап ететін сұрақтар қойылып, оқушылар тез әрі дұрыс жауап беру арқылы ұпай жинады. Ойын оқушылардың жылдам ойлау қабілетін, командалық жұмыс дағдыларын және пәнге деген қызығушылығын арттырып, үзіліс уақытын пайдалы әрі көңілді өткізулеріне мүмкіндік берді.

HYDRA командасы Central Asia FIRST Championship & Drone Racing 2026 аясында «Motivate Award» марапатын жеңіп алды

2026 жылғы 10–13 ақпан аралығында Астана қаласындағы EXPO халықаралық көрме орталығы базасында өткен робототехника саласындағы ірі дода — Central Asia FIRST Championship & Drone Racing 2026 аясында лицейіміздің HYDRA командасы жоғары нәтиже көрсетті.  Аталған жарыс барысында команда FIRST LEGO League Challenge санатына қатысып , «Motivate Award» марапатына ие болды.

INSTAGRAM ЖЕЛІСІ 

[load_module id="107"]

Ақпараттық технологиялар мектеп-лицей интернаты

Қазақстан Республикасы, 090000

Орал қ., Сүндетқали Есқалиев к., 107

Телефон/факс: +7(7112) 31 13 92, +7(7112) 31 13 92

Электронды пошта itlyceum@mail.kz 

Лицейдің сенім телефоны 8 (7112) 51 09 59

Ұлттық сенім телефоны 111

БҚО білім басқармасының сенім телефоны 8(7112) 26 04 63

it-lyceum.edu.kz

Посмотреть на карте Уральска