Бүгін ұжымымызда ерекше көңіл-күй болды.
Қимастықпен әріптесіміз Айгүл Мұратқызын басқа қалаға, жаңа қызметке шығарып салдық. Бірге өткізген әрбір сәт, ортақ еңбек пен естеліктер біз үшін қашанда қымбат. Ұжым дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдіре отырып, алдағы еңбек жолында табыс, сәттілік және кәсіби жетістіктер тілейміз.