HYDRA командасы Central Asia FIRST Championship & Drone Racing 2026 аясында «Motivate Award» марапатын жеңіп алды

2026 жылғы 10–13 ақпан аралығында Астана қаласындағы EXPO халықаралық көрме орталығы базасында өткен робототехника саласындағы ірі дода — Central Asia FIRST Championship & Drone Racing 2026 аясында лицейіміздің HYDRA командасы жоғары нәтиже көрсетті.  Аталған жарыс барысында команда FIRST LEGO League Challenge санатына қатысып , «Motivate Award» марапатына ие болды.

«Дарынды балаға – талантты ұстаз» республикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңі

Бүгін мектебімізде жас мамандарды қолдау және кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында «Дарынды балаға – талантты ұстаз» республикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңі оздырылды. Шара барысында жас ұстаздар өздерінің шығармашылық әлеуетін, жаңашыл идеяларын және пәнге деген сүйіспеншілігін таныстырды.

«Киберлицей: Информатика әлеміндегі тылсым» тақырыбындағы информатика және ақпараттық технологиялар апталығының салтанатты ашылуы

16 ақпан күні лицейімізде «Киберлицей: Информатика әлеміндегі тылсым» тақырыбындағы информатика және ақпараттық технологиялар апталығының салтанатты ашылуы өтті. Апталық атмосферасы Stranger Things стилінде ерекше безендіріліп, оқушыларды цифрлық әлемнің құпияларына жетелейтін креативті форматта ұйымдастырылды.

«Кітап оқу бәйгесі» өз мәресіне жетті

Мектебімізде мектеп ұжымы мен ата-аналары арасында ұйымдастырылған «Кітап оқу бәйгесі» өз мәресіне жетті. Бәйгенің басты мақсаты – кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, отбасы мен мектеп арасындағы рухани байланысты нығайту және оқырман мәдениетін қалыптастыру.

Кожахметова Ляззат Асылбекқызы бейіндік оқыту жөніндегі директордың орынбасары қызметіне тағайындалды

Лицейімізде 2026 жылғы 21–30 қаңтар аралығында өткен конкурстық іріктеу нәтижесінде Кожахметова Ляззат Асылбекқызы бейіндік оқыту жөніндегі директордың орынбасары қызметіне тағайындалды.

 

INSTAGRAM ЖЕЛІСІ 

[load_module id="107"]

Ақпараттық технологиялар мектеп-лицей интернаты

Қазақстан Республикасы, 090000

Орал қ., Сүндетқали Есқалиев к., 107

Телефон/факс: +7(7112) 31 13 92, +7(7112) 31 13 92

Электронды пошта itlyceum@mail.kz 

Лицейдің сенім телефоны 8 (7112) 51 09 59

Ұлттық сенім телефоны 111

БҚО білім басқармасының сенім телефоны 8(7112) 26 04 63

it-lyceum.edu.kz

Посмотреть на карте Уральска