Жаратылыстану қаһармандары: күштің сыры-білімде» тақырыбында оздырылған жаратылыстану пәндері апталығы аяқталды.
7-сынып оқушылары үшін ұйымдастырылған «Зияткерлер миссиясы» интеллектуалды топтық ойыны нәтижесінде I-орын «Капитан Америка», II-орын «Халк», III-орын «Темір адам» топтары марапатталып, ақшалай сыйлықтармен ынталандырылды.
8-сынып оқушылары үшін ұйымдастырылған «Зияткерлер миссиясы» интеллектуалды топтық ойыны нәтижесінде I-орын «Темір адам», II-орын «Өрмекші адам», III-орын «Капитан Америка» топтары марапатталып, ақшалай сыйлықтармен ынталандырылды.
9-10 сынып оқушылары үшін оздырылған «BIOGEOCHEM ғылыми жаңалықтар» тақырыбындағы TEDx алаңында ұшқыр ойлы қабілетімен жоғары нәтиже көрсеткен Сырымқызы Айару - I орын, Нұржан Аяулым, Нұрымбетқызы Алинұр - II орын, Базар Әділбек, Серікқали Еңлік, Нәсіпқали Айдана - III орын дипломдарымен марапатталып, ақшалай сыйлықпен ынталандырылды.
Апталық аясында әр сынып сүйікті гүлдерін мектепке сыйға тарта отырып, мектебіміздің 3-қабатына «Гүлдер галереясы» бұрышының ашылуына түрткі болып, тағы бір мәрте табиғатты қолдайтын қамқорлығымен көзге түсті.
Marvel фильмдерінің желісінде ұйымдастырылған апталық шараларында оқушылар суперқаһармандар рөлінде биология, химия және география пәндері бойынша ғылымның қуатын ашып, табиғаттың құпияларын зерттеуде жоғары белсенділік таныта білді.
Бізбен бірге ғылымға Marvel стилінде сапар шегіп, ішкі білім қаһармандарын оятқан әр оқушыға алғыс білдіреміз!!!