Жаратылыстану пәндері апталығы аясында шығармашылық пен ғылымды ұштастырған ерекше форматтағы шара – «Marvel мен IT ұстаздары» атты интеллектуалды сайыс өткізілді.
Сайыс Marvel комикстері желісінің форматында ұйымдастырылып, қатысушылар үш топқа бөлінді. Әр топ өздерін жаратылыстану ғылымының қаһармандары ретінде таныстырып, логикалық, танымдық және ғылыми тапсырмалар бойынша өз білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті.
Сайыс барысында ұстаздар тек білімдерін ғана емес, сондай-ақ шығармашылық қабілеттері мен командалық бірліктерін де жоғары деңгейде көрсетті. Шараның басты мақсаты – ұстаздар арасындағы серіктестік қарым-қатынасты нығайту, жаратылыстану пәндеріне деген қызығушылықты арттыру және заманауи әдістер арқылы кәсіби дамуға жол ашу болды.
Шара соңында жеңімпаз топтар марапатталды. Осындай ерекше форматтағы іс-шара ұстаздарға көтеріңкі көңіл күй мен жаңа шабыт сыйлады!