2025 жылғы 28 қараша күні мектебіміздің 9–10 сынып оқушыларының сұранысына сәйкес «IELTS дайындықтағы тиімді әдістер: өз тәжірибемнен» тақырыбында 11-сынып оқушысының TEDx форматы негізінде мотивациялық кездесуі өткізілді.
Кездесудің негізгі мақсаты – оқушыларды халықаралық IELTS емтиханының құрылымымен, оған дайындалудың тиімді стратегияларымен таныстыру, жоғары нәтижеге жету жолдарын көрсету және ерте дайындықтың маңызын түсіндіру болып табылады.
Шара барысында 11-сынып оқушысы өзінің дайындық тәжірибесімен бөлісіп, Listening, Reading, Writing және Speaking бөлімдері бойынша нақты әдістер мен күнделікті қолдануға болатын лайфхактарды ұсынды. Сонымен қатар, уақытты тиімді жоспарлау, ағылшын тілін үздіксіз қолдану, сөздік қорды дамыту және қателермен жұмыс істеу жолдары туралы пайдалы кеңестер берілді.
Спикерлер өз сөздерінде IELTS емтиханына дайындықтағы қиындықтар, оларды еңсеру тәсілдері, мотивацияны сақтау жолдары және 7.0+ нәтижесіне жетуге көмектескен жеке тәжірибесін мысал ретінде келтірді. Оқушыларға сенімділік қалыптастыру, мақсат қою және жүйелі дайындықтың нәтижесі туралы жігерлендіретін ойлар айтылды. Кәсіптік бағдар беруші педагог Н.М.Сундетова IELTS емтиханының сертификатын қажет ететін оқу орындарының талаптары мен шарттары туралы және артықшылықтары туралы бірқатар ақпаратпен бөлісті.
Кездесу соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тәжірибелі оқушыдан тікелей кеңес алу мүмкіндігіне ие болды.