Қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, көрнекті жазушы Сапарғали Ысқақұлы Бегалиннің туғанына 130 жыл толуына орай 7-сынып оқушыларына арналған «Кітап оқу бәйгесі» жарысы ұйымдастырылатынын хабарлаймыз.
Байқау барысында қатысушылар жазушының «Бала Шоқан» әңгімесін оқып, өз білімдерімен бөлісетін болады. Уақыты: 1-8 желтоқсан.
Жоба шарттары төмендегідей:
I кезең
1 желтоқсан күні оқуға берілген шығарманың бірінші бөлімі бойынша Google Form желісінде тест тапсыру арқылы өткізіледі. Тесттен жоғары балл жинаған және уақыты бойынша бірінші орындаған оқушылардың 70%-ы жобаның келесі кезеңіне өтеді. Сол күні жобаның екінші кезеңіне өткен оқырмандар үшін шығарманың келесі бөлімі ұсынылады.
II кезең
4 желтоқсан күні екінші кезеңнің қортындысы да дәл бірінші кезеңдегідей өткізіледі. Тесттен жоғары жинаған оқырмандардың 50%-ы жобаның соңғы қорытынды кезеңіне жолдама алады. Дайындыққа 3 күн уақыт беріледі.
III кезең
8 желтоқсан күні қорытынды тест Kahoot платформасында өткізіледі. Сұрақтар толық шығарма бойынша қойылады.
Сол күні 1,2,3-орын алған кітапқұмар оқырмандар марапатталады. Сонымен қатар үздік нәтиже көрсеткен қатысушыларға жұбаныш сыйлықтары және “Кітапқұмар оқырман”, “Оқуға құштар оқырман” сынды номинациялар беріледі.
Жобаға қатысу үшін:
150 теңге төлеп, 30-40 беттен тұратын шығарманы 26-30 қараша аралығында алып үлгеріңіз.
Реквизит:
Каспий голд : +7 707 351 39 51
Аты-жөні: Багдагул М.
(Төлем жасаған соң түбіртекті жіберіп қойыңыз, сізге 1-2 сағатта кітапты жібереміз)
Тіркелуге асығыңыз! Кітап оқып, трендте болыңыз!