Мазмұнға өту

Оқушылар «Jaiyq Development» IT компаниясында қонақта!

20 ақпан 2025 Жаңалықтар
Оқушылар «Jaiyq Development» IT компаниясында қонақта!

Информатика және ақпараттық технологиялар апталығы аясында 10-11 сыныптың информатика-математика бағыты бойынша оқитын оқушылары «Jaiyq Development» IT компаниясына танымдық сапар жасады.

Кездесу барысында оқушылар компания қызметкерлерінің жұмысымен танысып, ІТ саласының қыр-сыры туралы көптеген пайдалы ақпарат алды. Сондай-ақ, компания мамандарына IT мамандықтары мен мүмкіндіктері жайында қызықты сұрақтарын қойып, болашақ кәсіби бағыттары бойынша маңызды кеңестер алды.

Бұл кездесу оқушыларға бағдарламалау, стартаптар, ІТ индустриясындағы трендтер мен мүмкіндіктер туралы түсініктерін кеңейтуге көмектесті. Оқушылар ерекше әсер алып, IT саласына деген қызығушылықтарын одан әрі арттырды.
Осындай кездесулер жастардың болашақ мамандығын таңдауға үлкен үлес қосатыны сөзсіз!

Фотогалерея

Оқушылар «Jaiyq Development» IT компаниясында қонақта!Оқушылар «Jaiyq Development» IT компаниясында қонақта!

Басқа жаңалықтар