Лицейіміздің мұғалімдері облыстық байқаудан жүлделі оралды!

«Сапалы білім сапалы сабақтан» облыстық ашық сабақтар шеруі байқауында лицейіміздің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Гульмира Ошакбаевна ІІІ орынға, химия пәні мұғалімі Райхан Қуанышқызы жүлделі І орынға ие болды.
Педагогтеріміз өздерінің терең білімдері және кәсіби шеберліктерімен оқушыларының қызығушылықтарын оятып, білім әлеміне жаңа көзқараспен қарауға үйретеді. Олардың жаңашылдықтары мен оқыту әдістері оқушылардың табысты және жан-жақты дамуына ықпал етеді. Бұл жеңіс лицей ұжымы үшін үлкен мақтаныш.
Жеңістеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге табыстар мен жаңа жетістіктер тілейміз! Сіздердің еңбектеріңіз оқушылар мен әріптестеріңіз үшін шабыт болсын!




