Мазмұнға өту

“Мектеп парламенті” өзін-өзі басқару ұйымының көшбасшылығын сайлау 16 қазан күні оқушылардың дауыс беруі арқылы өткізілді

19 қазан 2026 Жаңалықтар
“Мектеп парламенті” өзін-өзі басқару ұйымының көшбасшылығын сайлау 16 қазан күні оқушылардың дауыс беруі арқылы өткізілді

8-16 қазан күндері аралығында мектеп-лицейіміздің оқушылары арасында “Мектеп парламенті” өзін-өзі басқару ұйымының көшбасшылығына үміткерлікке байқау жарияланған болатын.

Көшбасшылыққа үміткерлікке 3 оқушы: Болатов Алпамыс(10 сынып),Нұржан Аяулым(10 сынып),Байболат Аққу (9 сынып)өз кандидатураларын ұсынды. Байқауға қатысқан үміткерлердің бағдарламары негізінде 16 қазан күні сайлау болды. “Мектеп парламенті” өзін-өзі басқару органының көшбасшылығына сайлау ашық әрі жария сипатында өткізілді. Дауыс беру санитарлық талаптарды сақтай отыра, әділ түрде өтуі лицей әкімшілігі тарапынан қадағаланды.

Сайлау нәтижесінде:

Болатов Алпамыс 67,1% дауыс

Байболат Аққу 17,5% дауыс

Нұржан Аяулым 15,4% дауыс

“Мектеп парламенті” өзін-өзі басқару ұйымының көшбасшысы болып Болатов Алпамыс тағайындалды.

Фотогалерея

“Мектеп парламенті” өзін-өзі басқару ұйымының көшбасшылығын сайлау 16 қазан күні оқушылардың дауыс беруі арқылы өткізілді“Мектеп парламенті” өзін-өзі басқару ұйымының көшбасшылығын сайлау 16 қазан күні оқушылардың дауыс беруі арқылы өткізілді“Мектеп парламенті” өзін-өзі басқару ұйымының көшбасшылығын сайлау 16 қазан күні оқушылардың дауыс беруі арқылы өткізілді“Мектеп парламенті” өзін-өзі басқару ұйымының көшбасшылығын сайлау 16 қазан күні оқушылардың дауыс беруі арқылы өткізілді

Басқа жаңалықтар