16 қазан күні мектебімізде «Autumn Vibes» мерекелік шарасы өтті!

Оқушылар мерекеге ерекше көңіл күймен, белсенді атсалысып, өз өнерлерін ортаға салды. Күздің әсем бояуларымен үндескен бұл күн көтеріңкі көңіл күй мен жарқын сәттерге толы болды.
Мерекелік шара «Күзгі асар» жәрмеңкесімен жалғасты. Оқушылар өздері безендірген үстелдерге түрлі тәттілер мен тағамдарды, қолөнер бұйымдарын қойып, ұйымшылдықтары мен шығармашылықтарын көрсетті.
9 «В» сынып оқушылары жәрмеңкеден түскен қаражатты қайырымдылық қорына аударып, ізгі іске үлес қосты. Осылайша, мерекеміз өнер мен қуанышты ғана емес, мейірімділік пен жанашырлықты да тоғыстырды.
Мерекеге белсене қатысқан барша оқушыларға алғыс білдіреміз!





















