Ізденістен жетістікке: лицей оқушылары облыстық ғылыми жобалар байқауында жүлдегер атанды

Ізденістен жетістікке: лицей оқушылары облыстық ғылыми жобалар байқауында жүлдегер атанды. 2026–2027 оқу жылындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңіне лицейімізден 13 жоба қатысты. Байқау қорытындысы бойынша 6 жоба жүлделі орын иеленіп, 3 жоба алғыс хатпен марапатталды.
І орын
— Сайын Інжу — «География және туризм» секциясы. Жетекшісі — Медреова Б. А.
ІІ орын
— Исатаева Гульбахар, Рахметуллина Айгерим — «Химия. Экологиялық химия» секциясы. Жетекшісі — Қоныспай Р. Қ.
— Әділғали А., Рахметуллина Гулим — «Биология және тіршілік туралы ғылымдар. Биохимия» секциясы. Жетекшісі — Каратаев Н. Ж.
ІІІ орын
— Аққали Шұғыла — «Тіл білімі» секциясы. Жетекшісі — Имангалиева А. Е.
— Батырханова Айя — «Биология және тіршілік туралы ғылымдар. Биохимия» секциясы. Жетекшісі — Каратаев Н. Ж.
— Сүндет Айзере — «Биология және тіршілік туралы ғылымдар. Биохимия» секциясы. Жетекшісі — Хамит Г. И.
Алғыс хат иегерлері
— Ибрагим Эльнура, Нұрымбетқызы Алинур — «Тарих. Адам және қоғам» секциясы. Жетекшісі — Имангалиева Н. Қ.
— Малашова Камшат — «Ақпараттық жүйелер және технологиялар. Есептеу нейроғылымы» секциясы. Жетекшісі — Маужигитова А. Г.
— Серік Айзере — «Математика. Қолданбалы математика» секциясы. Жетекшісі — Маутеева С. М.
Жүлдегерлер мен алғыс хат иегерлерін шын жүректен құттықтаймыз! Өз зерттеулерін облыстық кезеңде таныстырған барлық оқушыға және жоба тақырыбын таңдаудан бастап қорғауға дейін бағыт-бағдар берген жетекшілеріне алғыс білдіреміз. Ғылыми ізденістеріңіз жалғасып, жаңа жетістіктерге ұласа берсін!













