Мазмұнға өту

7-сынып оқушыларының қатысуымен READx форматында «Өзің оқып, өзгеге ұсын» атты кезекті шара

23 қараша 2026 Жаңалықтар
7-сынып оқушыларының қатысуымен READx форматында «Өзің оқып, өзгеге ұсын» атты кезекті шара
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 7-сынып оқушыларының қатысуымен READx форматында «Өзің оқып, өзгеге ұсын» атты кезекті шара өткізілді.
Шараның мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, оқыған шығармалары бойынша өз ойларын еркін жеткізу дағдыларын дамыту және оқырмандық мәдениетін қалыптастыру.
Іс-шара барысында 7 «Ә» сынып оқушылары Ерболат Алихан Бердібек Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхат», Хамит Нұртөре «Отбасы хрестоматиясы» топтамасындағы «Кенесары», Бержан Азиз Қасым Қайсеновтің «Жау тылындағы бала», Мұхамедияров Абылайхан Вэй Сюиннің «Гарвард әдісі», Мұратов Баянды Шерхан Мұртазаның «Ай мен Айша» шығармаларын таныстырды. Ал 7 «Б» сынып оқушысы Марксова Мадина Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым – Қожа» повесі туралы баяндады.
Оқушылар өз таныстырылымдарын алдын ала әзірленген слайдтар арқылы көрнекі түрде ұсынып, шығармалардың мазмұны мен негізгі идеясын жеткізуге тырысты. Бұл өз кезегінде шараның мазмұнын байытып, тыңдаушылардың қызығушылығын арттырды.
Шара соңында тыңдаушылар «Оқимын», «Ойланамын» кері байланыс парақшалары арқылы спикерлердің жұмысына баға беріп, өздеріне ұнаған шығармаларды оқуға ниет білдірді.

Фотогалерея

7-сынып оқушыларының қатысуымен READx форматында «Өзің оқып, өзгеге ұсын» атты кезекті шара7-сынып оқушыларының қатысуымен READx форматында «Өзің оқып, өзгеге ұсын» атты кезекті шара7-сынып оқушыларының қатысуымен READx форматында «Өзің оқып, өзгеге ұсын» атты кезекті шара7-сынып оқушыларының қатысуымен READx форматында «Өзің оқып, өзгеге ұсын» атты кезекті шара7-сынып оқушыларының қатысуымен READx форматында «Өзің оқып, өзгеге ұсын» атты кезекті шара7-сынып оқушыларының қатысуымен READx форматында «Өзің оқып, өзгеге ұсын» атты кезекті шара

Басқа жаңалықтар