«Тәртіп пен білім – табысты болашақтың негізі» тақырыбында саптық жиын

Мектебімізде «Тәртіп пен білім – табысты болашақтың негізі» тақырыбында саптық жиын ұйымдастырылды. Жиында мектепішілік пәндік олимпиада жүлдегерлері, сондай-ақ 7–8 және 9–11-сынып оқушылары арасында волейбол мен шахматтан өткен жарыстардың жеңімпаздары марапатталды.
Оқушыларымызды жетістіктерімен құттықтап, алдағы уақытта да білім мен спортта биік белестерді бағындыруына тілектестік білдіреміз! 🏆
Сонымен қатар мектеп дәрігері маусымдық вирустық инфекциялардың алдын алу туралы пайдалы ақпарат берді. Мектеп директоры оқушыларға тәртіп пен жауапкершіліктің маңызын атап өтті.
Баршаңызды жеңістеріңізбен құттықтаймыз! Жаңа жетістіктер мен сәтті күндер көп болсын!









