Кариб теңізінің пираттары келді!

Бүгін біздің мектебімізде «Жаратылыстану кемесі: теңізден ғылымға» апталығының ашылу рәсімі өтті!
Кариб теңізінің пираттары фильмінің желісінен шабыт алған ашылу рәсімінде оқушылар теңіз дәуірінің атмосферасына еніп, ерекше көріністерді тамашалады. Сонымен қатар, олар жаратылыстану пәндері (биология, география, химия) бойынша қызықты сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін сынады.
Бұл апталық барысында оқушылар ғылым әлеміне терең сүңгиді, табиғат пен географияның құпияларын зерттейді, ал химияның таңғажайып тәжірибелерін көреді. Білім, зерттеу және креативтілік теңізі сіздерді күтеді!
Бізбен бірге ғылымға саяхат жасап, өз жаңалықтарыңызды ашыңыз!












