Мазмұнға өту

Асхат Алуа ІІІ орынмен шын жүректен құттықтаймыз!

21 сәуір 2025 Жаңалықтар
Асхат Алуа ІІІ орынмен шын жүректен құттықтаймыз!
2025 жылдың 14-18 сәуірі аралығында Қызылорда қаласында 9–11(12)-сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадада Қазақстан тарихы пәні бойынша мектебіміздің 10-сынып оқушысы Асхат Алуа ІІІ орын иеленді. Жеңімпазымызды шын жүректен құттықтаймыз!
 
Бұл жетістік Алуаның білімге деген ынтасын, қажырлы еңбегін және үлкен мақсаттарға ұмтылысын дәлелдейді. Оның осы жолдағы жетекшісі – Аманбаев Аскар Саиновичке  ерекше алғыс білдіреміз. Ұстаз бен шәкірт еңбегі әрдайым жемісті бола берсін! 
Жетістіктерің жалғаса берсін, Алуа!

Фотогалерея

Асхат Алуа ІІІ орынмен шын жүректен құттықтаймыз!Асхат Алуа ІІІ орынмен шын жүректен құттықтаймыз!

Басқа жаңалықтар