22 маусым күні 2022-2023 оқу жылындағы мектеп бітіруші түлектерге арналған Жалпы орта білім туралы аттестат тапсыру салтанатты жиыны оздырылды. Мектептің қабырғасында бақытты балалық шақтарын өткізіп, ұлағатты ұстаздар қауымының тәлім-тәрбиесін бойларына сіңіріп, білім нәрімен сусындап өскен ұл-қыздарымыз ер жетіп, жаңа өмір әлеміне нық сеніммен қадам басты. Биылғы оқу жылында мектебімізден 36 түлек асқақ армандарымен үлкен өмірге қанат қақты. Олардың біреуі «Алтын белгі», 6 түлегіміз «Үздік аттестат» иегері. Мектеп түлектері білімге деген құштарлықтарымен, зияткерліктерімен ерекшеленді.
Түлектердің қуанышына ортақтасуға мектеп әкімшілігі, пән мұғалімдері, атааналары мен туыстары жиналды. Шараны мектеп директоры - Шонбаев Жеңіс Меңдіғалиұлы құттықтау сөзімен ашты.
Мектеп түлектеріне аттестаттар табысталып, “Алтын белгі” мен «Үздік аттестат» иегерлерінің ата-аналары алғыс хаттармен марапатталды. Жиында облысымызға танымал әншілер, күйшілер мен әртістер өнер көрсетті. Бірнеше халықаралық, республикалық байқаулардың жүлдегері Қонысбайқызы Ақкенже "Ұрпаққа болсын ұлағат" әнін тарту етті.
Сынып жетекшілер Имангалиева Асылзада Каженовна, Сагинова Гүлсезім Жұбатқызы, Кушкарбаева Гульмира Ошакбаевналар оқушыларына ақ жол тілеп, өз лебіздерін өлең жолдары арқылы жеткізді. Осындай маңызды күнде өмірдің жаңа белесіне өткелі тұрған жас ұрпақтың жаңа қадамдарына сәтті сапар тілеп, алға қойған мақсаттарына жетулеріңе тілектерін білдірді.
Халықаралық, республикалық байқаулардың жүлдегері Утегалиев Нурали ұстаздарға арнап «Ұстазым» және «Синяя вечность» әндерін шашу етті. Джумашев Дияс пен Жұрмағанбетов Алиярдың орындауында күмбірлеген күйден попури орындалды.
Толқынысқа толы осы бір сәтте жүрекжарды сөзін аяулы ұстаздарына арнау үшін Қалихан Арухан Нұроллақызы, Болатов Алишер Жасуланович, Арыков Арыстан Наримановичтер сөз алды. Адам өмірінде ерекше орын алатын оқушылық кезеңді қимастықпен артта қалдырған мектеп бітірушілер ұстаздары мен тәрбиешілерге, ата-аналарына деген алғыс пен жүрекжарды лебіздерін өлең шумақтарымен жеткізді.
Облыстық эстрадалық - симфониялық оркестрдің әртісі, қаламыздағы танымал саксофонист - Беркінұлы Азамат «Испаниялық атмосфера» әуенімен мерекеге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Ата-ананың аялы алақаны мен жүрегіне, шексіз мейірімі мен кіршіксіз таза көңіліне тең келер ештеңе жоқ. Ата-аналар атынан Муратова Дананың әкесі - Мулякаев Алмас Муратович, Кадырова Назеркенің анасы – Ихласова Жанар Ерболатқызы, Жумагулов Рахаттың әкесі - Жумагулов Руслан Нартаевичтер түлектерді құттықтады. Әр оқушының жетістікке жетіп, білімнің биігін бағындырудағы мектеп басшылығы мен ұстаздарының елеулі еңбегін ерекше атап, алғысын білдірді.
Жиын Республикалық Халықаралық конкурстардың лауреаты, Батыс Қазақстан облысының "Үздік мәдениет қызметкері" төсбелгісінің иегері, Жастар мәдениет сарайының әншісі - Назира Хибашеваның «Қазақ елі» әнімен аяқталды. Қызыққа толы балдәуреннен ересектер өміріне бет алған болашақ иегерлерінің қуанышына арналған мерекелік шараның соңы естелік суретке түсумен аяқталды.
Қымбатты біздің түлектер, жаңа өмірлеріңізге ақ жол, сәт сапар тілейміз!
Қанаттарың талмасын!